АДАМДАРДЫ ҒАЙБАТ АЙТУҒА НЕ НӘРСЕ ИТЕРМЕЛЕЙДІ?
АДАМДАРДЫ ҒАЙБАТ АЙТУҒА НЕ НӘРСЕ ИТЕРМЕЛЕЙДІ?
29.06.2020 09:18
2235
0

Мамандардың айтуынша, кісіні ғайбат айтуға итермелейтін бірнеше себептер бар. Соның бір қатары төмендегідей:

1. Жек көрушілік. Әлдекімді жек көрген кісі, оның артынан жаман сөздерді ғана айтуға дайын тұрады. 

2. Ашу-ыза. Ашу - адамды өзгенің артынан ауыр сөздер айтуға итермелейді. 

3. Эгоизм. Өзімшіл адам өзгені орынсыз сыңай отырып, өзін дәріптегісі келеді. 

4. Қызғаншақтық пен көре алмаушылық. Көре алмаушылыққа бой алдырған кісі – қызғанып жүрген адамның үнемі кем тұстарын аңдып, кемшіліктерін елге жайғысы келіп тұрады. 

5. Жаман ой. Кей жағдайларда адамға жаман ойлар келеді. Әлдекімнің оның артынан жаман сөздер айтып жүруі ықтимал деген ой мазалауы мүмкін. Осы ойдың нәтижесінде ол да оны жамандау арқылы кегін алғысы келеді. Ол жағдайда жаман ойдан өзін аулақ ұстап, дініміз үйреткен «Хусни занн», яғни, «жақсы ой» принципін негізге алуы шарт. 

6. Орта. Әркімнің кем тұстарын сөз етіп, ғайбат айтудан ләззәт алатын топ арасында отырған адам, ерекшеленбейін деген оймен айтылып отырған ғайбатқа өзін кіріптар етуі мүмкін.

Осы айтқандарымыздан мынадай қорытындыға келуге болады:

Жаман қылық, тек жаман қылықты ғана тудырады. Ендеше, бойымызды жаман қылықтардан мейлінше тазартып, жаман ойларға ерік бермеуіміз тиіс. Бұған қалай қол жеткіземіз дейтін болсаңыз, әр бір мұсылман өзін үнемі бақылауда ұстап, ішкі жан-дүниесін тәрбиелеп жүрсе, жаман қылықтардан арылу қиынға соқпас деген пікірдеміз.

 

Абдусамат Қасым

0 пікір