АБАЙДЫҢ БІР ТАМАША СӨЗІ
АБАЙДЫҢ БІР ТАМАША СӨЗІ
14.08.2020 14:56
1893
0

Адам баласына адам баласының бәрі - дос.

Не үшін десең, дүниеде жүргенде туысың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жерің - бәрі бірдей, ахиретке қарай өлуің, көрге кіруің, шіруің, көрден махшарда сұралуың - бәрі бірдей, екі дүниенің қайғысына, пәлесіне қаупің, екі дүниенің жақсылығына рахатың - бәрі бірдей екен.

Бес күндік өмірің бар ма, жоқ па?.. Біріңе-бірің қонақ екенсің, өзің дүниеге де қонақ екенсің, біреудің білгендігіне білместігін таластырып, біреудің бағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық қылып, көз алартыспақ лайық па?

Тілеуді құдайдан тілемей, пендеден тілеп, өз бетімен еңбегімді жандыр демей, пәленшенікін әпер демек - ол құдайға айтарлық сөз бе?

Құдай біреу үшін біреуге жәбір қылуына не лайығы бар?

 Екі ауыз сөздің басын қосарлық не ақылы жоқ, не ғылымы жоқ бола тұра, өзімдікін жөн қыламын деп, құр «ой, тәңір-ай!» деп таласа бергеннің несі сөз? Оның несі адам?

 

Абай ҚҰНАНБАЕВ, Отыз төртінші сөз

 

0 пікір