35-50 жас аралығындағы адамдарға алтын ақыл
35-50 жас аралығындағы адамдарға алтын ақыл
04.12.2018 11:35
2363
0

-         Жыл сайын қан алдыр (хижама). Ешбір ауру сырқатың болмаса да.

-         Әрдайым су іш. Тіпті сусап шөлдемесеңде. Өйткені денсаулықтағы ақаулардың көбі су жетіспеуден пайда болады.

-         Үнемі шынық. Оған қарбалас жанталасың бөгет болмасын. Денең қозғалыс талап етеді. Жаяу жүру суға жүзу сынды.

-         Тамақты азайт. Жеу құмарлығыңды таста. Артық тамақтан пайда жоқ. Әрине мүлде жеме деген сөз емес.

-         Шамаң келгенше көлігіңді аз қолданып, жаяу баруды қолға ал.

-         Өкпе мен реніш, кек пен ыза, өзіңді бос қинаудан алыс тұр. Бұлардың барлығы денсаулығыңды сүліктей сорып жүйкеңді тоздырады.

-         Тапқан-таянғаныңды  өзің үшін емес басқалар үшін жұмса.

-         Өзіңнің уайымыңды ұмытып, өзгенікін тыңдап үйрен. Ал өткен қайғыны түбінен қопарып таста.

-         Кең бол. Кең болсаң кем болмайсың деген ақиқат. Билік пен байлық тәкаппарлыққа жетелейді. Ол кезде үнемі қарапайымдылықты ұстан.

-         Шашың ағара бастаса оны жақсы қырынан қарап қуан. Көңілді бол.

-         Намазыңды әсте қаза етпе. «Намаздың қазасынан бойдың тазасы артық» деген мақал әйелдерге тиесілі. Өйткені намаз сенің, байлығың, бала-шағаң және де басқа нәрселер пайда бере алмайтын күнде сен үшін құтылу анықтамаң болады. Раббыңмен жеке қалып сырласуды жиілет. Құраннан алыс қалма. Өткендерді ұмытпай зиярат етіп отыруды артқа қалдырма.

 

Аударған: Берікбай Германұлы

 

 

 

0 пікір