Саудия корольдігі де мәуліт шәріпті құптайды
Саудия корольдігі де мәуліт шәріпті  құптайды
13.12.2016 12:29
3077
0

Корольдік кеңсесінің кеңесшісі, жоғары мәртебелі ғұламалар одағының мүшесі, шейх Абдулла әл-Муталлиқ: «Мәуліт тойлайтын адамдардың бәрі қателесуші деп айту дұрыс емес. Өйткені, олардың мәуліт өткізудегі мақсаты – Пайғамбарымызбен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жақын танысу, ол жайында сенімді деректер мен оқиғаларды айтып еске алу, өмір жолын баяндау. Шынында, адамдар басқа уақытқа қарағанда осы мерекеде пайғамбардың өмірбаянын көбірек тыңдайды»,-деді.

Муталлиқ мырза бұл мереке ең абзал амалдардың бірі әрі адамдардың жақсы әңгіме тыңдаулары үшін үлкен мүмкіндік дей отыра, жиын қатысушыларын Пайғамбармызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  арнап мүшайра өткізуге шақырды.

Мәуліт жайында қате пікірде жүрген бауырларымызға Алла Тағала һидаят, ынсап-тауфиқ бергей!

Аударған  Х. Аманқұлов

0 пікір