«Негізінде, дүние тіршілігі бір алданыштың ғана нәрсесі» (Әли Имран, 185)
«Негізінде, дүние тіршілігі бір алданыштың ғана нәрсесі» (Әли Имран, 185)
29.08.2019 08:50
2980
0

Базарда жұмыс жасайтын жігіт жинаған қоқыстарды үлкен қорапқа салып, сыртынан қағазға орайды да, сыйлық іспетті қызыл лентамен байлап жағалауға тастап кетеді. Оны көрген бір адам оны қымбат дүние екен деп ойлап, дереу қолды қылады. Жүз қадам жүргеннен кейін қызыл лентасын шешеді, тағы жүз қадам жүргеннен кейін орауышын ашып, тағы жүз қадам жүргеннен кейін қорабын ашқан кезде жан дауысымен айқайлап, істеген адамды сөгіп, балағаттай жөнеледі. 

Бұл оқиға өлім аузында жатқан кездегі дүниенің ақиқатына ұқсайды. Өйткені әуелде адам дүние, мал мүлікті алғашқы қорапты тапқан адамдай дүниені барлық нарседен қымбат деп біледі. Өмірінің орта белінде дүниеге деген ықыласы артып, жоғарылай түседі. Ақырында жан алқымға келіп, өлім періштесі жеткен кезде дүниенің түкке тұрғысыз екендігін түсінеді. Алайда ол кезде кеш болады. Бұл кез Құран Кәрімде былай айтылған:


“Раббым мені қайтаршы, бәлкім тастап қойған салиқалы істерді жасаймын” (Муминун, 90-100)


“Әттең! Тіршілігім үшін бір нәрсе жіберген болсам еді” (Фәжір 24)


"Әттең! Топырақ болып кеткен болсам" (Нәбә, 40)


"Әттеген-ай! Пайғамбармен бірге жол тұтқан болсам еді" (Фурқан, 27) деп келгендей өкініштер еш пайда бермейді.


«Біліңдер! Шын мәнінде дүние тіршілігі бір ойын, ермек, сән және өзара мақтанысу, сондай-ақ малдарды, балаларды көбейту ғана...» (Хадид, 20)
اللهم لاتجعل الدنيا أكبر همّنا، واللهم احسن خواتيمنا ووفقنا فيما تحبه وترضاه

 

 Қайрат Құрманбаев 

Құмырсқа мен бал
Сахаба деп кімді айтамыз?
Құран Кәрім - Уахи арқылы түскен кітап
Дін - еріккеннің ермегі емес
Жаннатта пайғамбармен бірге болу
Ислам жалқаулықты құптамайды
Пайғамбардың балаларға мейірімділігі
Жеті кезең
РАМАЗАН -жетістіктер мен жеңістер айы

0 пікір