Имамдар
Имамдар
04.10.2018 11:04
576
0

Бүгінгі таңда Қазақстанда 4340 имам ҚМДБ жүйесінде жұмыс істейді. Оның ішінде жоғары білімді - 901 адам (21%), орта білімді - 911 адам (21%) және 2528 адам (58%) - діни сауаттылық курсын аяқтаған. 
Мемелекеттік қолдауымен 2600 астам мешіт қызмет атқаруда.
Осыны ескере отырып, имамдардың білімдерін жетілдіру үшін 2016 жылы 2020-шы жылға дейін ҚМДБ-ның діни білім беру тұжырымдамасы қабылданды. 

Мемлекеттік қолдауымен елімізде "Нұр-Мубарак" қазақ-египет ислам мәдениеті университеті, Имамдардың білімін арттыру институты, 5- медресе-колледж, 4 медресе, 2 Құран оқу орталығы қызмет атқаруда. Тағы бірнеше медресе ашылу барысында. 

Барлық оқу орындарына мемлекет тарапынан мыңдаған арнайы гранттар бөлінуде. Мысалы, тек Түркістан облысында әкімшілік тарапынан 3 жылда медреселерде діни маман дайындау үшін 450 грант бөлінген. 
"Нұр-Мубарак" университетінде мемлекеттік грантпен 1200 студен білім алуда және 2020 жылға дейін бұл университетте 805 түлек оқуын бітіріп шығады. Оған қосымша 100 магистрант, 15 докторант оқуын аяқтайды.
9 медреседе жыл сайын 1500 адам, Құран оқу орталықтарында 300 астам білім алуда. 

Осының барлығы қазақ елінің имамдары өз білімдерін жетілдіріп, Қазақстанымыздағы діни жағдайды тұрақтандыруға, оның болашақ гүлденуіне үлес қоссын деген мақсат. Сондықтан, имамдарымыз мемлекет жүргізіп жатқан саясатты қолдап, еліміздің үмітін ақтасын деп тілейміз. 
Ол үшін олар білімді, дүниетанымы жоғары, болашаққа көзі ашық, еліміздің тарихын және дәстурлі құндылықтарын құрметтейтін мамандар болу қажет деп санаймын.

 

Ғалым Шойкин ағамыздың фб-дағы парақшасынан

0 пікір