Үлкен күнәлар дегеніміз не?
Үлкен күнәлар дегеніміз не?
17.04.2015 11:07
30684
0
Ерсін Әміре Алматы Орталық мешітінің наиб имамы

    Дініміздегі  үлкен күнәлардың  ең әуелгісі Аллаға серік қосу. Қасиетті құранда: «Алла Тағала Өзіне серік қосқандарды кешірмейді, одан басқасын кімді қаласа кешіреді» - делінеді.  Имам Әбу Ханифаның  «Өсиет» кітабында: «Біз үлкен күнә жасаушыларды анық тозаққа барады деп айтпаймыз, оны Аллаға тапсырамыз» деген сөздер келтірілген. Егер Алла оларды өз мейіріміне алып, кешірім жасап  жатса ол Алла Тағаланың Өз қалауы.
    Ұлы ғұламалардан: «Үлкен күнә дегеніміз не?» -деп сұралғанда «Ол- тәубені қажет ететін күнәлар» - деп жауап берген.  Яғни, құлшылық жасап, өз күнәларын кешірілуі үшін тәубе ету деген мағынаға саяды.
    Үлкен күнәлар - құранда Алла Тағаланың тозақтық болуын уәде еткен, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадистерінде лағнет айтылған және тозақтың азабынан хабар берілген амалдар. Одан кейінгі кіші күнәлар болып табылады. Олар жайында Құран Кәрімде «Оларға Алланың жақсылығы болады. Олар үлкен күнәлардан және бұзақылықтан сақ болады» - делінген. Алла Тағала әлбетте кіші күнәларды кешіреді. Біздің күнделікті оқыған намаздарымызбен жақсы істеріміз сол күнәлардың кешірілуіне себепші болады.
    Адамның бірінші намазын оқып келесі намазғы ынтық болуы, сондай-ақ жұма намаздан келесі жұма намазға ықылас танытуы сол аралықта жасалған күнәлар үшін кешірім амалдар болып табылады. Егер  кісі зина жасап немесе өтірік айтып, ұрлыққа барып, арақ ішетін болса, содан соң "намаз оқыдым болды күнәларым кешірілді"-деп ойласа, ол адамның ойы қате болып саналады. Кіші күнәларға  намазымыз арқылы кешірілетін күнәларды жатқызуға болады.  Үлкен күнә жасап жүріп тәубе етпей өмірден өткен адамды нық сеніммен тозаққа кіреді деп айта алмаймыз. Рақымы мол Алла ол адамды кешіруді қаласа үлкен күнәларын да кешіреді.  Адам үлкен күнәсі үшін тозақта азапталады және жүрегінде зәредей иман болса уақыт сағаты келгенде тозақтан шығарылып, жұмаққа кіргізіледі.  Ал егер Аллаға серік қосып жүріп бұл дүниеде тәубе етпесе, онда ол адам мәңгі тозақта қалатынын ардақты Елшіміз (с.ғ.с) өнегелі өсиеттерінде баяндаған. Сонымен қатар Алла Тағала  Құран Кәрімде: «Аллаға серік қосқан адам үшін жаннат харам етілген» деген ескерту айтқан.
    Пенде Аллаға қатысты нәрселерге өз ойынша сипат беріп немесе басқа нәрселерге табынып, әулиелерден көмек сұрайтын болса онда ол адам үлкен шірік жасаған болып саналады. Біз ешкімді мынау жәннәты деп кесіп айта алмаймыз. Тек пайғамбарларды және Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) жәннәтық деп куәлік еткен он сахабаларын айта аламыз. Сол себепті әулиелерді жүз пайыз жәннәттық деп, олардан өз қажеттіліктерімізді, бала сұрауымыз және де әулиелерді  Алламен арамыздағы байланыс деп санау бұл деген үлкен шірік істерге жатады.  Басқа да нәрселерге арнап мал сою немесе зираттарға табыну ол - үлкен тәубаны талап ететін күнәларға жатады.
    Егер бір адам үлкен күнә істеп қойса, шариғат бойынша жаза беріледі. Сол кезде үкім шығарушы адам қателесіп ол адамды кінәсіз етіп шығаратын болса, онда ол жақсы істердің қатарында болар еді. Егер үкім шығарушы кінәсіз адамды күпір ететін болса, қойған жазасы қате болар болса, ол адамның өзіне қайтады. Біз ешқашан мына адам күпір, мына адам жәннәттық деп айтуға хақымыз жоқ. Біз тек оларға жалпылама сипат береміз. Оларға тек уағыз айту арқылы ғана ескерте аламыз. Үлкен күнә жасаған адам мәңгілік тозақы болады. Егер ол адам бұл дүниеде жасаған істері үшін шын құлшылық ететін болса, онда ол адам Алланың кешірімін алуға үмітті адамдар қатарынан болады. Сол себепті біз үлкен күнә жасаған адамдарды "сен  күнәһарсың" - деп діннен шығармаймыз. Адамдардың сыртынан үкім шығаруға болмайды.

 

 

Ұқсас материалдар

 Үлкен күнәлар дегеніміз не?

 Намазда қандай сезімде тұру керек?

 

0 пікір