Құран оқу әдебі
Құран оқу әдебі
21.04.2015 17:48
26884
0
Ерсін Әміре

      Құран оқу – құлшылыққа жатады. Сүйікті Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.) өз хадисінде былай делінеді:

«Сендердің ең жақсыларың – Құран оқығандарың және оны басқаға үйреткендерің»

    Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) : «Адамдардың жүрегінде Құран болмаса, ол тот басқан темірге айналады. Оны кетірудің бір ғана жолы – Құран оқу және өлімді еске алу.» деген бір хадисінде.
   Сондай-ақ, Адамның қияметтегі орны да дүниеде оқыған құранымен анықталады.
   Құранды оқуды бастамас бұрын Аллаға сыйыну керек. Құран оқудың  ішкіжәне сыртқы әдептері бар. Екеуі орындалған кезде ғана Құран бізге шипа болады.
   Сыртқы әдептері:
-         толық дәретте болу;
-         мүмкіндігінше жүзімізді құбылаға қаратып, намазбен бірге оқу;
-         кей адамдар Құранды бастан-аяқ хатым қылып тұрады. Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.) : «Кімде-кім Құранды үш күннен аз уақытта бітірген болса, онда ол адам Құранды түсінбеген екен.» деген хадисі бар.
-         Құранды асықпай оқу;
-         Құран оқыған кезде жылау. Оқыған аяттардың мағынасын түсінгенде, адамның көңілін үрей билейтін кездер болады.
-         әрбір аяттың ақысын беріп оқу (яғни, дұрыс қырағатпен, әр әріпті тиісті орнына шығарып оқу).
Міне, бұл аталғандар Құран оқудың сыртқы әдептеріне кіреді. Ал ішкі әдебінің ең негізгісі – ол Алланың ұлылығын сезіну. Құран – жай ғана адамның емес, бүкіл әлемді жаратушы Алла Тағаланың сөзі екендігін жүрекпен сезініп, санамен түсіну.

 

 Ұқсас материалдар

  Үлкенкүнәлардегеніміз не?

  Намазда қандай сезімде тұру керек?

  Намаздағы ықыласты арттыру жолдары

  Намаздағы бөтен ойлардан арылу

  Білім қонсын десеңіз...

  Тәуіпке баруға болама?

  Некенің шарттары

   Құран оқу әдебі

 

 

 

0 пікір