Өлімді еске алу
Өлімді еске алу
31.08.2019 11:17
7930
0
Ерсін Әміре

                           

  Өлімді еске алу - адамның нәпсісін тазалайды. Ақиретте адам баласына жиған мал-дүниесінің ешбірі де пайда бермейді, өйткені онымен бірге серік болатын – тек ізгі амалдары ғана.

Алла Тағала Пайғамбарымызға (с.ғ.с) былай деген: «Ей, Мұхаммед, оларға айт, сендер қашып жүрген өлім күндердің күнінде алдарыңа келеді.  Бәрін біліп тұрушы, естуші Алла Тағалаға қайтарыласыңдар».

Нағыз байлық пен кедейлік Алланың алдындағы сұрақ-жауаптан кейін анықталады. Бұл өмірдегі байлық - алдамшы нәрсе. Ең шынайы бақыт - жәннәтқа кіру.

Пайғамабарымыз (с.ғ.с) бір хадисінде: « Сендерді белгілі бір себептермен қабірлерге зиярат етуден қайтарған едім, енді қабірлерге зиярат ете берулеріңе болады. Зиярат ету - өлімді еске түсіреді»-деген.

Құран Кәрімде Алла Тағала былай деп келтіреді: « Тозақ отын көргенде кәпірлер өліп кеткісі келеді, бірақ ол мүмкін емес. Өлім ақиретте қошқар бейнесінде келеді, бір рет бауыздалады одан кейін жоқ. Тозақ иелері тозаққа, жәннәт иелері жәннәтқа кіргізіледі ».

Егер адам бұл өмірде кеңшілікте өмір сүріп жүрсе, онда өлімді еске алу ол адамның өмірін тарылтқан болар еді. Дәл сол сияқты қиыншылықта өмір сүріп жүрген болса, керісінше, өмірін кеңейткен болар еді, себебі бұл өмір жалған екенін сезіне білу керек.

Өлім сағаты келген кезде адамның көзіне ақиқат көрінеді. Сол кезде ғана ол ақиреттің бар екеніне сене бастайды. Ол кезде өкіну мен тәубе етудің еш пайдасы жоқ...

Ерсін Әміре

Үлкен күнәлар дегеніміз не?
Намазда қандай сезімде тұру керек?
Намаздағы ықыласты арттыру жолдары
Намаздағы бөтен ойлардан арылу 

Білім қонсын десеңіз...
Тәуіпке баруға болама?
Құран оқу әдебі
Дұға ету әдептері

Нәпсімен мәміле

 

 

0 пікір