Намаздағы бөтен ойлардан арылу
Намаздағы бөтен ойлардан арылу
29.04.2015 14:03
23029
0

     Егер адам намаздың тек сыртқы парызын ғана орындап, ішкі дүниесі бықсып жатса - Алла Тағаланың алдындағы айыбы болмақ.

   Алла Тағала: «Мен сендердің ішкі дүниелеріңе, жүректеріңе қараймын» -деген. Жүзімізді құбылаға бұрған кезде өзімізден: «Жүрегімнің де жүзі қарап тұр ма?» деп сұраған абзал.

Адам намазда тұрғанда өзін Алланың алдында тұрмын деп есептеуі керек. Алла - әлемдердің раббысы, патшалардың патшасы.

   Бізге көп жерде екі таңдау болады. Біріншісі - Алланың жолы, екіншісі -  Алланың дүниесі. Дүниені таңдар болсақ, нәпсіге еріп, өзіміздің көңіл қалауымызды орындағанымыз, яғни Жаратушымызды ұмытқанымыз.

 «Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим, Әлхамду лилләһи раббил-’аләмиин, әр-рахмаанир-рахиим» деп намазды бастаймыз. «Әлемдердің раббысына мақтаулар болсын» деген мағынаны білдіреді. Әлемге Алла Тағаладан басқаның бәрі кіреді.

    Намаз оқығанда Алладан басқа Тәңір жоқ екендігін, Алланың мейірімді, кешірімшіл екендігін есте сақтап, ұлылығына бас  июіміз керек.

   «Иһдинас-сираатал-мустақиим» - «тура жолдан айыра көрме» деген сөз.  Бізді жаннатқа бастайтын жолдан айыра көрме. Бұдан артық сұрау да, дұға да жоқ.  Себебі, ең үлкен бақыт - ол жұмақ.

    Алла Тағаланың ризалығына кімдер бөленетінін Жаратушы Иеміз Құран Кәрімде көрсеткен. Олар: пайғамбарлар, сахабалар мен шыншылдар және ізгілер. Бізді тура жолға бастай гөр дегенде «Бізді де сол пайғамбар, сахаббалардың жолына сала гөр. Солармен бірге жұмақтан орын бере гөр. Бізді де солармен бірге тірілте гөр» деген оймен сұраймыз.   

    Біз Алладан: «Алланың тура жолынан тайғандар мен қаһарына ұшырағандардан сақтай гөр» дегенімізбен дәл солардың жолымен жүреміз. Солардың жүрісін, салт-дәстүрлерін, мейрамдарын қабылдаймыз. Олар – біздің иманымызға тура келмейді.

    Дұғаларды оқып болған соң, «Әмин» деп бата қайырамыз. Ол –біздің тілегімізді қабыл ете гөр деген мағына. Ал сол тілегімізді қабыл ететін бір Алла ғана екенін, құлшылық етуге Раббымыз ғана лайықты екенін ұмытпағанымыз жөн. 

Ұқсас материалдар

 Үлкен күнәлар дегеніміз не?

 Намазда қандай сезімде тұру керек?

 Намаздағы ықыласты арттыру жолдары

 Намаздағы бөтен ойлардан арылу

 Білім қонсын десеңіз...

 Тәуіпке баруға болама?

 Құран оқу әдебі

 

0 пікір