Медицина және ислам
Медицина және ислам
27.04.2015 09:21
3124
0
Еркінбек Шохай, дінтанушы

      Мұхаммед алайһи саламның заманында медицина және жедел жәрдем қызмет етті. Құран аяттарынан және хадистерден бұл салаға байланысты зерттеулерді Мұсылман ғалымдары тапты. Оған Имам Науауи жазған «Пайғамбар медицинасы» кітабы, Имам Ибн аль-Қайым «Зад аль-Мағад» кітабында келтірген тараулар дәлел. Үлкен соғыстарда Рафида бинт Сағд, Шифа бинт Абдулла, Умму Ғатия аль-Ансария секілді ержүрек әйелдер жараланған сахабаларды емдеді. Апократ, Жалинус жазған кітаптар араб тіліне аударылды.

         Ибн Сина бет ауруларының себебін тапты. Ибн Нафис адам құрылысындағы кіші қан айналым жүйесін Европа елдерінен үш ғасыр бұрын анықтады. Андалусиялық дәрігер Лисануддин ибн аль-Хатиб жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын көрсетті.

         Рази мен Абул Қасим аз-Заһрауи хирургияға жаңалықтар енгізді. Кітаптары Европада латын тіліне аударылып, бес ғасыр бойына пайдаланылды.

         Мұсылман дәрігерлері офтальмологияға да жақсы көңіл бөлді. Хайуанаттардың көзін зерттеу арқылы көз ауруларының себептерін тапты. Аммар ибн Али аль-Мусили - Ислам тарихында атағы шыққан офтальмологтардың бірі. Ол «Тазкират аль-Каххалин» еңбегінде көптеген пайдалы мәліметтер мен емдеу жолдарын жазды.

         Ислам әлемі дәрігерлері адамның мұрнында, жағында, мойнында, қабырғасында, аяғында және қолында болатын сынық түрлерін емдей білді. Сондай-ақ тіс ауруларын да емсіз қалдырмады. Аз-Заһрауи өзінің «Тасриф» кітабында тісті қалай жұлуға болады, қандай құралдарды пайдалану керек, жұлынған тістер орнына алтын немесе күміс жіппен тартылып, сиыр сүйегінен жасалған тістерді салу, тісті кариестен сақтау үшін қолданылатын осы заманның тіс пастасына ұқсаған ұнтақтар жайлы жазды. 

         Гинекология саласында Абу Бакір Ар-Рази, Ибн Сина, Аз-Заһрауилер қыруар еңбектер жазды. Балалардың да өз дәрігері болды. Ахмад ибн Мандуайһ Аль-Исфахани «Балалар ауруын емдеу» деген еңбек жазды. Ар-Рази және басқа да дәрігерлер психиатриямен айналысты. Бұл саланың арнайы ауруханалары болды.

         Фармацевтикада жазылған еңбектер араб тіліне аударылды. Медицина әрмен қарай дамыды, теориялар тәжірибеге түсті. Али ибн Саһл Аттабари өзінің «Даналық фирдаусі» кітабында, Аррази «Хауиде», Ибн Сина «Заң» кітабында дәрі-дәрмек туралы жазды. Мұсылмандар шөптен дәрі жасай білді. Олар Ислам әлемінің  түкпір-түкпірінде дәріханаларда ғана сатылатын еді. 

        Халифа Уалид ибн Абдулмаликтің заманында ең алғашқы аурухана салынды. Мұсылмандар аурухананы Бимарстан деп атайтын. Заман өтумен бірте­бірте мүмкіншілігі кеңейіп, Ислам әлеміндегі аурухана ғимараттарының саны арта берді. Бимарстандар ауруларға керекті дәрі­дәрмек, құрал­жабдықтардың барлығымен дерлік жабдықталатын еді. Мысыр елінде Ахмад ибн Тулун атындағы, 1181 жылы құрылған Салахуддин Аль­Аюби атындағы бимарстандар болды. Дамаскіде Нуруддин Махмуд Зинки атымен 1154 жылы ашылған аурухана болды. 

         Дәрігерлер ауруларды емдеуден бұрын емтихан тапсырды. Мұндай емтихандар мемлекет тарапынан арнайы бақылаумен және қадағалаумен өткізілді. Мамандар өз қызметтерін адалдықпен орындаймыз деп серт беріп, ант қабылдағаннан кейін ғана рұқсат етіліп, өз мамандығына сәйкес ауру түрлері көрсетілген куәлік берілді.

 

Ұқсас материалдар

 Алланың құлы болған, адамдардың мырзасы болады.

 Мәдениет және ислам

 

0 пікір