Мәдениет және ислам
Мәдениет және ислам
21.04.2015 12:23
2624
0

         Ислам мәдениеті бұл жер бетінде пайда болғанда, әлемді надандық қараңғылығы басып жатқан еді. Ислам келіп, ұлы сахаба Рибғи бин Амир  Жаратушыға ғана құлшылық етуге шақырды, басқа діндердің зұлымдығынан құтқарып, өз әділдігін орнатты. 
       Самани және Қарахан әулеттері тұсында жергілікті халықтың  мәдени деңгейі едәуір көтеріле бастады,. Сонау ІХ-Х ғғ. бастап, Қазақстан жерінде он мыңдаған мешіт, рибат, медресе, кітапхана, шифахана, уақып салынып, мұсылмандық қоғамның  мәдени-рухани өміріне қомақты үлес қосты.
          Халифалықтың алғашқы кезеңдерінде-ақ, аты әлемге әйгілі болған мұсылман ғалымдар мен зерттеушілер дүниеге келді. Мыңдаған ғылым ошақтары бой көтерді. Ғылым адамзат тарихының ешқандай дәуірінде болмаған жылдамдықпен дамыды, өркениет өсті. Халықтың әл-ауқаты көтерілді, тұрмысы жақсарды. Экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізілді. Басра, Куфа, Шам, Фустат, Исфахан, Бұхара, Самарқанд, Балқы, Тараз, Фараб әлемдік ғалымдар туып-өскен өңірлерге айналды.
    Ислам өркениетінінің адамзаттың интеллектуалдық өміріне тигізген әсері шексіз. Ислам өркениеті өз заманында адамзат жеткен жетістіктің жұлдыздары болған  ғалымдарды тәрбиеледі. Бұл ақиқатты әлем тарихшыларының қайсысы болса мойындап, оларды адамзат тарихында мәдениет пен ғылымның дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдардың қатарына қосады.
       Батыстың ғалымдары мен философтары Ислам әлемінің саңлақтарына ғасырлар бойы құрметпен қарап келді. Төрт ғасырға жуық батыс елдері кітаптарды араб тілінде оқып, үйреніп отырды. Ибн Синаның медицина ғылымында жазылған «Заң» кітабы Европада араб тілінде үйретілетін Інжіл кітабындай еді. Әсіресе Францияның жоғары білім беру ошақтарында, солардың ішінде атақты Монбилия университетінде Ибн Синаның кітабы негізгі әдебиет болды. Ұлы философ Ибн Рушдтың теориялары Европадағы дәстүрлі христиандық және яһудилік философия мен көзқарастардың өзгеруіне себепші болды. Пікірлері мен көзқарастары Ибн Рушдтың ойларынан сусындаған Мартин Лютер Протестантық жүйені жариялап, шіркеу қызметшісі беретін кешіру қағаздарын жоққа шығарып, Римдегі әлемдік бас шіркеуге бағынудан бас тартты. Міне осыдан келіп Исламды жаман көрсету, жала жабу секілді жаман ниеттермен батыс шіркеуі ойлап тапқан «Ориенталистика» (Шығыстану) ғылымы пайда болды. Шығыстағы мұсылман елдерін жаулауға келген  Крестшілер Ислам мәдениетінің жемісін көргенде, өздерінің мәдениеті мен өркениетінің өте төмен екенін байқап, Ислам мәдениетінен үлгі алуға тырысты.

 

Ұқсас материалдар

Алланың құлы болған, адамдардың мырзасы болады.

Мәдениет және ислам

0 пікір