Зікіршілдер дегендер кімдер?
Зікіршілдер дегендер кімдер?
01.08.2016 12:06
1952
0

Сұрақ: Яссауидің сопылық түсінігі туралы сіздің нақты ғылыми тұжырымыңыз қандай? Зікіршілдер дегендер кімдер?

Жауап:Иасауи мұрасы, өкінішке орай, әлі күнге егемен елімізде бүгінгі қоғамдық сана қажеттілігіне қолданылмай келеді. Иасауи ілімі арқылы қазақ болдық, Ислам өркениетінен орын алдық. Бұгінгі Матуриди, Ханафи танымдық қабаттарын Иасауи ілімі арқылы алдық, таныдық. Сондықтан біз Иасауи жолындағы мұсылмандармыз. Иасауи ілімі ар түзейтін ілім. Оның басты тақырыбы — Аллатану, мағрифатуллах. Адамды сүю, рухтың ақиқаты, ақылы, санасы арқылы Алламен үндесу жолы. Исламның мәні де сол — ар. Ол үшін әрдайым Алланы естен шығармау керек, үнемі зикр етуді метод ретінде алған танымдық, рухани мектеп керек. «Зикршілер» деп Алланы естен шығармай, үнемі Алламен бірге болуды мақсат еткендерді айтамыз. Ал енді кешегі зикршілдердің де мақсаты осы болатын. Олардың бір ақ кемшілігі, кінәсы болды. Ол — олардың бүгінгі қоғам шындығымен үндесе алмауы, өздерін дұрыс таныта алмауы, білім мен ғылымда тереңдей алмауы, саяси сауатсыздығы. ҚМДБ мен диалектикаға түсіп, олармен бірлесе дін жолында жұмыс жүргізе алмады. Өз бетінше жеке діни орталыққа айналды. «Екі қошқардың басының бір қазанға сыймайтындығы» белгілі. ҚМДБ да олармен ортақ пайдаға арналған бағдарлама жасай алмады. Бір-бірін сынап, ақыры мемлекетке ықпалды саяси діни топтар арқылы қамалып тынды. Мұны егемен елдің рухани, діни-саяси тарихына қатысты зерттеулерімде мен толық талдап жазғанмын. Негізі, мемлекеттілігіміздің баяндылығына сопылықтан, зікірден келетін қауіп жоқ. Сопылық, зікір мемлекеттік, ұлттық, мәдени, рухани құндылықтардың жандануына ықпал ететін бірден-бір қазына. Онда адамға бағытталған өзгермейтін ұстаным бар.

Досай Кенжетай

0 пікір