Саясат дінсіз, дін саясатсыз бола алама?
Саясат дінсіз, дін саясатсыз бола алама?
01.08.2016 13:08
865
0

Сұрақ:  «Дін — мемлекеттен бөлінген» дейді, ал бірақ бүгінгі күннің саясатын — дінсіз, дінін — саясатсыз көзге елестете алмайтын дәрежеге жеттік. Неге?

Жапуап:«Дін — мемлекеттен бөлінген» деген аударма о бастан дұрыс емес. Себебі онтологиялық және акциологиялық тұрғыдан бұл мүмкін емес. Мемлекеттің негізінде мәдениет жататын болса, ол мәдениеттің мазмұнында дін құбылысы жатқан болса, онда мемлекет өз баяндылығы мен бар болуының алғы шарты болып табылатын діннен бөліне алмайды. Саяси құқық пен социологиялық тұрғыдан діни билік пен мемлекеттік билік өзара автономды болғаны дұрыс. Мемлекет, Платон айтпақшы, әке рөлін атқарады. Ол діни бірлестіктерден, арнайы танымдық ағымдардың идеологиясынан бөлек болады. Мысалы, Ислам діні негізінде әртүрлі жамағат болуы мүмкін. Солардың барлығына тең көзқараспен қарай алса, онда ол әке болғаны. Бұл зайырлылық арқылы реттелетін мәселе.

 Қазір мемлекеттің ең басты проблемасы — дін төңірегінде туындап жатқан танымдық, саяси, болмыстық мәселелер. Сосын посткеңестік құндылықтардың орнын толтыруды, алмастыруды қоғамдық институттар діннен іздейді. Ал мемлекеттік институттар оны заманауи жахандық шаблондармен алмастырғысы келеді. Ортада адам факторы, оның санасы, білімі, қабілеті деген кедергілер шығады да екі институт арасында үйлесімсіздік пен қайшылықтар шыға береді. Біз әзірге осыларды реттеп, зерттеп, зерделеп талдайтын институт қалыптастыра  алмадық. Ол — дін мен мемлекет қатынасында, ол — мемлекет пен қоғамдық қатынастарда көрініс беріп жатыр. Жалпы, дінге қатысты мемлекеттік қабаттардың өзара бір ағза болып жұмыс істеу шарты бар. Оны реттейтін де ортақ идеологиялық трансформациялық орталық керек. Онсыз мемлекет дами да алмайды, баянды да бола алмайды. Екі жақты белсенділікті қоғам мен мемлекет өзара келісім негізінде шешуді қалыптастырмаса, сыртқы күштер мен орталықтардың тапсырмасын орындап отыратын протекторат, не филиал психологиясымен қала береді. Ең бастысы — бұл істе «ЕГЕ МЕН» деген батыл да әділ нық қадамдар керек ақ...Жалпы дін, мемлекет, зайырлылық, құқық, саясат ұғымдары тікелей адамға қатысты орталықтар. Ал адамды осы орталықтармен өзін тепетеңдікте ұстауға қалыптастыратын, саналы азамат ретінде тәрбилеу бұл үздіксіз үдерісті талап ететін таусылмайтын мәселе..

Досай Кенжетай

0 пікір