Мемлекет дін саясатына ғылыми тұрғыда көңіл бөлуі қажет
Мемлекет дін саясатына ғылыми  тұрғыда көңіл бөлуі қажет
01.08.2016 11:34
2759
0

Сұрақ: Діни сауаттылығымыз, әсіресе жастар арасында, өте төмен әрі теріс бағытта кетіп бара жатқан сияқты, бұған алыстан іздемей-ақ, Сирияда «сайран» салып жүрген отандастарымызды мысалға келтірсек те жетіп жатыр, солай емес пе?

Жауап: — Дұрыс… өз бауырыңдағы балаңды өзің тәрбиелемесең, ол сыртқы күштердің жетегінде кетпей не қылады? Сирияға кеткендер сырттан келген «әкелерінің» ұлдары болып кетті. Оған мемлекетіміз, еліміз «әкелігін» таныта алмады. Негізі, о баста оларға «әкесін танытып қою» керек еді. Бұл Сирия содырлары дегеніміз — батыстық жоба. Еліміздің мыңдаған жастары оған кетіп те үлгерді. Бұл жахандық саясатқа ішімізден үн қосып, сол балаларды шығарып салып, бағыттап отырған «коридорлар» бар. Ол коридорларды мемлекет қауіпсіздік комитеттері білмейді десем, «ақкөңілдік» болар еді. Дінді, Исламды қаралаудың жобасына мұсылмандар да санасыздығымен құрал болып жатыр. Ең басты құндылық — адам санасы екендігі тағы да өзін дәлелдеді. Кеткендер кетті… ол тағдыры. Енді соларға еліктеп жатқандарға жол бермеуді қарастыру керек. Ол үшін жоғарыда айттым, темірдей тәртіп, ғылыми танымдық орталықтар мен қоғамдық мемлекеттік институттардың жұмылып, ортақ идеологиялық платформада жүйелі жұмыс жүргізуі қалып отыр. Мемлекет дін саясатына ғылыми тұрғыдан көңіл бөлмей бұл іс жүйелі арнаға түспейді..

Досай Кенжетай

0 пікір