Ұрпаққа аманат-ел бірлігі болуы керек
Ұрпаққа аманат-ел бірлігі болуы керек
22.04.2015 12:11
2644
0

     Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнайтын жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын асыға күтетіндердің қатарынан едім. Биылғы бас құжаттың әдеттегіден ерте жариялануы көп жайтты аңғартқан сыңайлы. Өйткені, әлемдік ахуал Қазақстанға да әсерін тигізбей қоймайтыны анық. Алайда, Президентіміздің сарабдал саясатының арқасында бұған дейінгі қауіп-қатерлерден су жұқтырмай өткенімізді естен шығармауымыз керек. Яғни, биылғы Жолдаудың арқасында да алдағы сын сағаттарында сүрінбейміз деп ойлаймын. Неге?..

     Біріншіден, біздің мемлекетімізде бейбітшілік берік орын алған. Ұлттар мен діндер татулығы көңілден шығады. «Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз» деді Мемлекет басшысы. Осы міндеттің үдесінен шығып жатқанымыз да рас.

     Екіншіден, бағытымыз айқын. Дамыған елу елдің қатарына қосылуды мақсат етіп едік. Ендігі меже – алпауыт отыз мемлекеттің қатарынан табылу. Халықтың әл-ауқатының, тұрмыс жағдайының, тіршілігінің түзеліп, жақсарып келе жатқандығы бағдарымыздың дұрыстығын дәлелдеп бағады. Бұған да Жаратқанға шүкір деуге тиіспіз.

     Үшіншіден, заңғар жазушы Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген. Міне, біз де руханиятымызбен, дінімізбен, тілімізбен, ділімізбен қайта қауышып, дәстүрімізді жаңғырта түсудеміз. Салт-санамыз, ұлттық қасиеттеріміз қазақылығымызға сай ілгерілеу үстінде. Әлемдік аренада «Қазақ» деген дардай атымыз бар. Түрлі салалардағы жетістіктеріміз ұлтымыздың мәртебесін асырып, мерейін асқақтатуда.

Өзім дін қызметкері болғандықтан айта кеткенім жөн, ең бастысы, Қазақстандағы діни ахуал алаң тудырмайды. Бұл бағыттағы діни  басқарманың атқарып жатқан шаруалары ұшан-теңіз және нәтижесіз емес. Дәстүріміз бен асыл дініміздің үйлесім тауып, қоса тамыр жаюуы баршамызды қуанту үстінде.

Ұқсас материалдар:

Сәлем берудегі сүннет пен салттың үйлесімі

Қонақ неше түрлі болады?

Алланың рақым таңы

Үлкен күнәлар дегеніміз не?

БІЛІМГЕ ҚҰШТАР ЖҮРЕКТЕР...

Қолсыз және ауызсыз әке

Болашақтың кепілі –рухани тәрбие

Балалы болудың ақыреттегі пайдасы

 

0 пікір