ҰЛТЫМЫЗ ӨЗ ТАРИХЫМЕН ҮНДЕСУІ ҚАЖЕТ
ҰЛТЫМЫЗ ӨЗ ТАРИХЫМЕН ҮНДЕСУІ ҚАЖЕТ
15.10.2020 09:15
263
0

Сұрақ: Жан-жағымыздан «жихадшылар» қаумалаған қазіргі дүниежүзілік дүрбелең кезеңінде ҚАЗАҚтар не істеу керек?

Жауап: «Жихад» деген Исламдағы ең керемет, ең қасиетті ұғым. Онда адамның өзімен-өзі күресі, ақылды қолдану еркі, Аллаға бет түзеу тәжірибесі, арды ойлау, ниет пен сананы тазартудың үздіксіз үдерісі орын алған. Бұл қасиетті ұғымның да ішін босатып, оны «сақал мен балаққа», «калашниковқа» (автоматты айтады), содырлыққа толтырдық. Өзіміз бұған кінәліміз. Біз бүгін қазақ деген болмысқа, ұлтымыздың және мемлекетіміздің де атауы мен анықтамасына ие болып отырсақ, оның тұғыры осы — Исламда жатыр. Қазақ өзіне өзі оралуы үшін де, өзін өзі тануы үшін де өзінің Исламмен бүгінге дейінгі жүріп өткен тарихи тәжірибесі мен санасына қайта үңілуі шарт. Ол дегеніміз қазақтарды тарихқа шегеру емес, керісінше — тарихымен үндесуге шақыру. Сонда ғана қазақ пен құндылықтар арасында анық, нақты сұхбаттар пайда болады. Қазақты мына жахандық дүрбелеңнен алып шығатын жол — оның сол құндылықтарымен шынайы қатынасы, адалдығы, махаббаты, беріктігі, саналылығы, өзімен өзінің жихады ғана.

 

Досай Кенжетай

0 пікір