ТУЫС ТУРАЛЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
ТУЫС ТУРАЛЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
12.07.2021 11:31
1250
0

*  Бір ауылда мың туысқан болғанша, 

Әр ауылда бір туысқан болсын.

 *Қан туысынан жан туысы артық.

*Ырыс қашса да, туыс қашпайды. 

* Мал қонысын іздейді,

 Ер туысын іздейді.

* Туысы жаман туғанын жамандайды.

* Ай көрмесең, туысың жат,

Жыл көрмесең, досың жат.

*  Бірге туғаннан ірге туған жақсы..

* Туысы жақын жақын емес,

Қонысы жақын жақын.

*Тумаң бар, туысқандай болмайды,

Тұрман бар, құйысқандай болмайды.

 

0 пікір