Телефонға да тектілік керек
Телефонға да тектілік керек
30.08.2019 10:19
2157
0

       «...Қазіргі кезде адамдардың негізгі бір қатынас құралы – телефон. Онсыз күнделікті хабар-ошарды көзге елестету қиын. Айтайын дегенім, қажетімізден шығып жатқан жансыз телефон жайлы емес. Оны пайдаланатын екі аяқты жанды адамдар туралы. Бір жерге хабарласып тұрып, сөзді сәлемнен бастамау – әдепсіздік. Өзін де, өзгені де сыйлай білетін тәрбиелі адам қай кезде болсын ізетті ұмытпайды. Ол кімге, қайда телефон шалса да, алдымен амандасады. Сәлемдесіп болған соң тура түскеніне күмәнданса, «кешіріңіз, бұл пәленшенің үйі ме» деп немесе «түгеншені шақыруға бола ма» деп сыпайылап сұрайды. Сонда сөйлесіп тұрған адамы да жөні түзу жауап қайырады. Әйтпесе, мен секілді қисайған жағынан тұрмай қалатын біреу болса, барды «жоқ» дей салуы ықтимал.  

       Телефонда сөйлесе білу де кісілікті көрсетеді. Қалтаңда он диплом болғанымен сәлем парызын білмесең, біліп тұрып оны өтемесең, жолын жасамасаң – нағыз мәдениетсіз адамсың. Мәдениетті болу – қаздиып қатып киініп, шіреніп машина мініп, шікірейіп қызметкер болу емес. Мұның бәрі көз алдар сыртқы қабық қана. Маймылды малындырып үлде мен бүлдеге орап, машинаға отырғызып қоюға болады. Одан маймыл мәдениетті болмайды, бәрібір ол битін теріп жегенін қоймайды. Өйткені тегі солай.       Мәдениеттілік – адамның рухани өрісімен өлшенеді. Қаныңда бар тектілігің мен бойыңа сіңген жақсы тәрбиең қандай деңгейде екендігінен мәдениетің көрінеді...» (Б. Момышұлы).

З. Ахметова. Бабалар аманаты

0 пікір