ТЕКТІЛІК ТУРАЛЫ
ТЕКТІЛІК ТУРАЛЫ
02.06.2020 13:37
425
0

“Бұл үгiт-насихатты жазушы Ескендiрұлы Қабус, Қабусұлы Бушмагир, Бушмагирұлы Әмiр Қайқауыс өзiнiң перзентi Гиланшахқа:

 “Ей, перзентiм, мен қартайдым, тәнiмдi күн сайын қуатсыздық жайлап келедi, өлiм уақыты да жақын қалды. Тiрлiкте мәңгi өлмейтiндердiң бiрi – кiтап, оны құртып жiберетiндей құдiреттi күш жоқ. Мен өзiмнiң төрiмнен көрiм жақын екенiн сезiп, өлiм жарлығы қолыма тимей тұрған шақта, бiлген ақыл-кеңесiмдi кiтапқа жазғым келдi. Әрбiр қиын iстi жеңiп, соңғы ұрпақтарға үлгi боларлықтай жақсы атақ қалдыру үшiн әрекет жасау жөнiнде бiрнеше әңгiме баяндаймын, сен ғибрат алғайсың, ал мен аталық парызымды өтейiн”, – дедi...

“Ей, перзентiм, есiңде болсын, өнерсiз жан – өнегесiз, оның ешкiмге де пайдасы тимейдi. Ондайлар бұтасы бар да, көлеңкесi жоқ, тiкендi ағашқа ұқсайды. өзiне де, өзгеге де пайдасыз болады. Егер адам тектi, асылзада әулетiнен болса да, өнерi болмаса халықтың iзет-құрметiнен мақрұм қалады. Нәсiл гауhарынан да, өнер өрнегiнен де құр алақан жанның тағдыры одан да жаман болады. Жаратылыстан тектi, асыл, сұлу болғанға мастанба. өйткенi тектiлiк пен тән сұлулығы, өнерпаздық жан сұлулығымен толықтырмаса еш нәрсеге арзымайды. Мысалы, ұлы дәрежелi болу шыққан тегiңе емес, ақыл-бiлiмiңе байланысты. Ата-анаңның қойған есiмiне де есiрме. Ол бiр сыртқы сипаттан басқа ештеңе де емес. Қалайда сен өнерлi болып, жақсы атаққа ие болу үшiн талаптан, атыңа iсiң сай болмаса, ол саған лайықты ат болмайды.

Егер адам тектi асылзада болғанымен, өнерi болмаса, оны ешкiм де елемейдi. Бұл екi гәуhарға бiрдей ие болған адамды көрсең, етегiнен ұстап, қолыңнан шығарма. Мұндай жан жалпы халықтың қажетiне жарайды. Барлық өнерден сөз өнерi жақсы екенiн бiлгенiң жөн. өйткенi басқа жан-жануарлардан адам баласы он тұрлi қасиетiмен артық. Бұл абзал қасиет тек адамның бойында ғана бар. Оның бесеуi сыртқы тән дүниесiн жайласа, бесеуi iшкi жан дүниеiнде жасырынған. Iшкi жан дүниеде: жаттап алу, оны ұзақ есте сақтау, қиялдау, ажырата бiлу, сөз сөйлеу, көру, иiс бiлу, дәмiн тату, тiтiркенгiш сезiмдер болады. Бұл қасиеттердiң кейбiрi жануарларда да бар, бiрақ адамдағы қасиетке тең келе алмайды. Сондықтан да адамзат басқа жан-жануарлардың үстiнен үстемдiк құратын падишасы.”

1. Кейқауыс – XI ғ. Орта Азияда өмiр сұрген аса бiлiмдар ғалым.
Қайқауыс. Қабуснама. Алматы, 1992. – 20-б.

Жамбыл Артықбаев ағаның жазбасынан

 

0 пікір