СҮЛЕЙМЕН МЕН БАЙҒЫЗДЫҢ АҢЫЗЫ
СҮЛЕЙМЕН МЕН БАЙҒЫЗДЫҢ АҢЫЗЫ
09.07.2021 09:30
796
0

 Бірде Сүлеймен патша Байғыздан:

– Сен неге түнде зарланасың? – деп сұрады.

 Байғыз:

 – Адам баласының өмірі қиын, аманаты ауыр. Мен оларға өлетініңді ойлап, ақыретке қамданыңдар, – деймін.

 – Не үшін адамнан жырақ жүресің?

 – Адамдардың іштарлығы мен көрсеқызарлығынан зардап шеккім келмейді.

– Неге үнемі моланың басында жүресің?

 – Адамның мәңгілік тұрағы мола ғой. Мен олардың өмірінің нәтижесін қабірстанда көремін.

 – Басыңды неге жиі шайқайсың?

 – Адам баласы ғапыл. Аталарын ажал алып кетсе де, өзін өлместей сезінеді. Соны ойлап бас шайқаймын.

 – Көзіңді неге жұмасың?

 – Бас көзінен көңіл көзі анық көреді.

– Неге бидай жемейсің?

 – Атаңыз Адамды бидай жегені үшін Алла пейіштен қуды. Сол үшін жемеймін.

 – Неге су ішпейсің?

– Нұхтың кезінде барша адамның ажалы судан болды. Сол үшін су ішпеймін, – депті.

0 пікір