Шақшан батыр жайында бірер сөз
Шақшан батыр жайында бірер сөз
02.05.2019 02:44
1173
0

Ел ішінде не көп әңгіме көп. Қазақ халқының қазынасын түгендейтін, өткенінің беттерін парақтайтын сондайлық әңгімелердің талайын ақсақалдардан естіп өстік. Өзімізге өнеге тұттық һәм тәрбие алдық. Олардың тұлғасымен теңеспесек те ұқсауға тырыстық.

Солардың бірі Шақшан батыр.

 

Биік Шақшан тауында

Шақшанның түп атасына көңіл аударсақ оның Бәсентин руынан екенін ел көп айтады. Шынында Арғын-Бәсентин руында Шақшан деген адам өткен. Ол шамамен 1700 - 1770 жылдары өмір сүрген. Бұл дерекпен шежіре жинақтаушылар да келседі. Мысал ретінде бірнеше шежіре жинақтарын келтірейік. Тілеке Жеңістің кітабында: Шақшан батырдың ата-тегін осылай Шақшан – Мәмек – Жауғаш – Ақтілес - Басентин деп берілген.

Дәурен  Аяшиновтаң  ғалымның жеке қорында Ақтілес Күшік Басентин болысындағы  шежіре де осылай тарайды. (Шақшан-Мәмек-Жауғашты-Ақтілес-Жанай батыр Басентин). Ал Шақшан батырдың жұбайы Айбарша Үйсін Аққожа деген бидің жалғыз қызы болған. Шақшанның ұрпақтарына келетін болса олар да Алан би, Дауек болыс, Алпыс балуан, Тінәлі би, Өте балуан қатарлы елдің алдында жүрген ерен азаматтар болған.

Басентиндер Баянауыл аймағында мекен еткені тарихтан белгілі. Бұл мәліметті Д. Аяшинов мұрағаттан алып талай мәрте келтірген болатын. Және бұл ақпаратты  белгілі ғалым, өлкетанушы Серік Жақсыбаев атамыз да растаған еді. 

Ел мен жердің қадіріне жетіп, көзсіз ерлік көрсеткен аты аңызға айналған азаматтардың есімімен жер-су аттарын атап жатады. Сол сияқты Баянауылда жер су атаулары Басентин руынан шыққан батырлары есімімен аталғанына күмән жоқ. Сол сияқты Шақшан тауы Шақшан батырдың құрметтіне аталған. Себебі Шақшан батыр, би, рубасы болған адам

Ел аузында Биік Шақшан тауы, Шақшан болысы,Шақшан бекеті, Шақшан ауылы, Шақшан адыры, Шақшан шатқалы, Шақшан жері, Шақшан тұз көлі деген атаулар бүгінгі күнде де айтылады.

Бұл жөнінде Инсебаев кітабының 222-бетіңдегі  «Павлодар уездь қазақ шежіресі»,- деген бөлімінде «этнотопонимы связанные родом Басентин, таблица» келтірілген Шақшан геотопоним, ороним, нас пункт, гора, 3урочище, Шакшан сөзің «пылная сопка» деп аударған, Ақтілестер мекені деп жазған.

Жәнеде ұсынылған екінші таблицада Жауғашты: Екібастұз ауданына қарасты Жауғашты жерің Ақтілестер мекені деп көрсеткен.

Осы деректерге сүйеніп Шақшан тауы Баянауылдағы Басентин Ақтілес руының шыққан батырдың құрметтіне аталуы әбден мүмкін деп айта аламыз.

Бірде Ғалым өлкетанушы Жақсыбаев Серік атамызға Шақшан туралы айтқанымда Ақмектептегі Шақшан ол Басентин батыр сол «Биік Шақшан» деп аталатын құт дарыған мекенге барып құлпытас орнатындар!» - деп кеңес берген еді. Атамыздың сол сөзін аяқ асты етпей, түбегейлі зерттеп, Шақшан батыр туралы басқа да тарихи мәліметтердің бетін ашып, батырдың ерлігі мен өрлігі туралы мәліметтермен толықтырып, белгі тас, ескерткіш тас,  құлпытас тәрізді есте қаларлық белгі орнату ұрпағының мойнына парыз деп есептеймін.

Бұл парыз мемлекетімізден ұстанып отырған «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар», «Ұлы даланың жеті қыры» идеологиясының ұстанымдарына сай келетін, келер ұрпақты отаншылдыққа, ерлікке, жасампаздыққа, жақсылыққа тәрбиелеуге, елінің, жерінің, бабаларының тарихын біліп, оны мақтаныш етіп өсуіне үлес болар еді.

    

 

Мәлімметтер: Тілеке Жеңіс шежіресінен, Даурен Аяшиновтың жеке қорынан, Инсебаевтың кітабы, Рауан Сейфуллинның жек жинағынан, ғаламтордан, ел ауызынан алынды.

 

Жинақтап құрастырған:

Тарихшы Рауан  қажы Сейфуллин

0 пікір