Сатылмайтын сағат...
Сатылмайтын сағат...
29.08.2019 08:56
7955
0

 

        Бір кісі көп жылдар бойы байлық жинап, қалған өмірін не ішемін, не жеймін, не киемін деместен, тоқшылық пен баршылықта өткізгісі келеді. Алайда, кенеттен өлім сағаты келіп қалып, жоспары орындалмай қалады. Әлгі кісі өлімге жалынып, жалбарынады, тағы да өмір сүре тұруын сұранады, бірақ... өлім тыңдамайды.

-         Маған тым болмаса үш күн уақыт берші. Мен саған байлығымның жартысын беремін, -дейді. Өлім үндемейді.

-         Жарайды, бір-ақ күн берші, бар байлығымды беремін. Өлім естімей тұрғандай.

       Кісі санаулы минуттарында мына бір хатты ғана жазып үлгереді: «Егер сенде лайықты өмір сүруге ақша болса, уақытыңды байлық жиып, босқа өткізбе. Өмір сүр! Менің байлығым тіпті бір сағатты да сатып алуға жетпеді».

 

 Ұқсас материалдар

 

0 пікір