СӘЙФИ ХАЗІРЕТ КҮЗЕКҰЛЫ (1893-1976)
СӘЙФИ ХАЗІРЕТ КҮЗЕКҰЛЫ  (1893-1976)
26.01.2021 14:21
320
0

Арғы атасы діни білімі мол  әз-Тәйтеке биден бастау алған, Күреңбай қажы, Дүржанбай қажы бабаларымен, әкесі Күзек, ағасы Исахан хазіретпен жалғасын тапқан Сәйфи хазірет әулетінің тамыры тереңде.Ол Күлік, Айдабол, Орманшы, Қаржас төрт рулы елдің төбе би болған  қозған әз-Тәйтеке бидің ұрпағы Тәйтеке би - Күреңбай қажы - Дүржанбай қажы - Беркінді-Жиенбай(Троицкде оқып діни балам алған,қажы сопы болған. Жиенбайдың баласы Исахан одан өткен үлкен хазірет болды) Бүйек(діни оқу оқыған, қажыға барған сауатты адам), Күзек (теолог, діни ғалым болған, қажыға барған, ғылыми жұмыстармен шұғылданып көптеген кітаптар жазды)

Күзектің балалары Нығмет, Сәйфи, Ғанилар Исахан хазіреттен оқыды.  Ал Исаханды Күзек тәрбиелеп оқытты.

 Сәйфи-Троицк медресесінен оқыған молда, Уфаға барып тәпсір тапсырған хазірет атанған, атағы қыр еліне жайылған діни тұлға. Кеңес заманында 2 рет түрмеге қамалды. 1928 жылы партия ячейкасының хатшысы болып қызмет істеп тұрып «өзі молда әрі қожаның күйеу баласы» деп қудаланып түрмеге түсіп Қаныш Сәтпаевтың көмегімен босап шыққасын қайтып партияға кірмеді.

Баянауыл ауданының жер комитетінде 40 жыл бас есепші болып қызмет  істеді. Ауданда 25 колхоздың есебін дәлдестіріп адал жүргізіп, біреудің ала жібін аттамай, құбатөбел ғана күн кешу Сәйфи секілді иманды жанның ғана қолынан келетін еді.

Оның дүниеге қызықпайтын адалдығы халық ауызында аңыз болып қалды.  Сонысымен ол елдің құрметіне бөленді. Сәйфи зейнеткерлікке шыққан соң молда болып, өмірінің ақырына дейін  Алланың ақ жолымен өтті.

Сәйфи молданы халық «Бала хазірет» деп те атайды екен. Дін жолына бала кезінен берік болғаны да. Баянауылда есімдері көпке жайылғандар:  Кәбира молда, Дәулетбек молда және Сәйфи молда – үшеуі еді. Сөздің реті келген соң айтып өтейін, олар терең білімді кісілер еді.

Өзара фарси тілінде сөйлесіп, арабша хат алмасады екен. «Бірде қыстың қақаған қатты аязында бір адамның жаназасын шығарған Сайфи хазірет  намазын да, дұғасын да қысқа қайырып, тез тәмәмдапты. Сонда жұрттың ішінен кейбірлеулер: «Сәйфи жаттаған құраны аз болғандықтан дұғаны қысқа қайырды» деп сөккен көрінеді. Сонда хазірет: «Егер мен жаназаны ұзақ уақыт шығарып, дұғаны созып оқысам, мынандай қатты аязда жамағат тоңып, ауырып қалуы мүмкін, тіпті кейбірін үсік шалуы ықтимал. Оларға тиген зиянның сұрауы марқұмға ауыр тиер еді», - деп тереңнен тебірене жауап беріпті.

Ол имам болып жүрген кезде аудандық насихат  бөлімі партия бюросында дін жөнінде қарауды күн тәртібіне қойып, осыған орай Сәйфиді «Сізді партия бюросына шақырып жатыр»,-деп бір нұсқаушы келеді.

-Неге?,-дейді Сәйфи.

-Молдалық құрып жүргеніңізді талқылау үшін-дейді.

-Кім жіберді?

-Насихат бөлімінің меңгерушісі

-Партия бюросында коммунистің тәртібі талқыланушы еді, мен ппартияда жоқпын. Қалай тыңдамақшы екен, соны барып сұрап келші, депті Сәйфи.

Сәйфи өте ақылды, беделді кісі болатын.

 

0 пікір