Сахабалардан сыр сыңғыры-92,93,94,95
Сахабалардан сыр сыңғыры-92,93,94,95
02.05.2019 15:11
222
0

Үсәйр ибни Амр рһ – 92

Атасына тағылып ибни Жәбир депте білінетін Үсәйр, Әз елші дүниеден озған кезде он немесе он бір жаста болатын. Ақиық елшіден 2 хадис нақыл еткен. Омар рһ дан риуаяттары да бар. Ол кісіден Кутубус-ситта иелерінен текқана Мүслим хадис алған. Өзі жайлы көп мәлімет болмаған Үсәйрдің Хажжаж заманына дейін өмір сүргені болжалады.

Аллаһ ол кісіден разы болғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 2 том, 571 б.)

Әбу Идрис әл-Хауләәни - 93

Есімі Ъәйз ибни Абдуллаһ болған Әбу Идрис Хунәйн соғысы кезінде туылған үлкен табиғундар қатарына жатады. Имам Зуһри ол кісіден хадис риуаят еткен. Риуаяттары Кутубус-ситта да орын алады. Әбуд-Дәрдадан соң «Шам аймағының ғалымы» болып танылған. Шамның бас қазысы болған. Хижри 80 жылы қайтыс болған.

Аллаһ ол кісіні рахымына алғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 2 том, 595 б.)

Тариқ ибни Әшиәм рһ – 94

Лақабы Әбу Абдуллаһ болып сахабалардан еді. Әбу Мәлик әл-Әшжәғидің әкесі. Бұл кісі Куфалық болып саналады. Кенже елшіден төрт хадис нақыл еткен. Мүслимнің сахихінде екі хадисі келеді. Ал өмірбаяны жайлы әдебиеттерімізде еш мәлімет келмейді.

Аллаһ ол кісіден разы болғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 3 том, 22 б.)

Миқдәәд ибни Әсуәд рһ – 95

Алғашқы мұсылмандар қатарынан әрі сахабалардың да белдісі еді. Лақаб аты Әбу Мәғбәд еді. Мекке де мұсылманшылығын ашық жария еткен алғашқы жеті сахабаның біреуі осы кісі болатын. Эфиофияға хижреттің арасында да болды. Сосын Меккеге оралды.

Миқдәәд Бәдр Ұхудтан бастап дерлік соғысқа қатысты. Әсіресе Ұхуд соғысында ерен ерлік жасады. Аяулы елші Бәдр соғысына шығардан бұрын асхабы мен бұл мәселе жөнінде ақылдасқан кезде әрбіреуі өзінікін дұрыс деп есептеген еді. Кезек Миқдәәдқа келген де былай деді:

-         Уа Әз елші! Неге бұйырылған болсаң соны жаса, біз Сенімен біргеміз. Аллаһ атымен ант ішіп айтамын, біз саған Исрайыл ұлдарының Мұса ғ.с. ға айтқанындай айтпаймыз. Олар Мұса ғ.с ға: «Сен және Раббың екеуің барып соғысыңдар. Біз осы жерде отырамыз» (Мәйда сүресі – 24) деген болатын. Сені ақиқат пен жіберген Аллаһқа ант етемін, егер Сен бізді Бирқул-Ғимадқа дейін апарар болсаң, Сенімен бірге болған соң одан да зорға баруға төземіз.

Миқдәәдтің бұл ықыласты сөздеріне Арда елші қатты разы болды әрі оған дұға етті.

Бәдр соғысына қатысқандар арасында текқана осы кісінің мінер аты бар еді.

Ақиық елші бір күні:

-         «Аса ардақты әрі ерекше Ұлы Аллаһ, маған төрт кісіні жақсы көруімді бұйырды және Өзіде оларды сүйетінін білгізді» дегенде ардақты сахабалар:

-         Уа Аяулы елші! Олардың есімдерін біздерге де айтсаң деді. Сол кезде Игі елші:

«Олардың біреуі Әли рһ (бұл сөзді үш рет қайталады), келесісі Әбу Зәрр, Миқдәәд және Сәлман рһум» деді.

Миқдәәд ибни Әсуәд, Мысыр фатхына қатысты. Сахабалар жайлы жазылған еңбектерде ол кісі жайлы өте көп мәңқибәләр бар. Ол кісі риуаят еткен хадис саны қырық екі-дүр.

Миқдәәд ибни Әсуәд, Осман рһ халифаты кезінде хижри 43 жылы 70 жасында Мәдина да дүниеден озды. Жаназа намазын Осман рһ шығарды.

Аллаһ ол кісіден разы болғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 3 том, 24-25 б.)

Аударған: Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

 

0 пікір