ҚҰДАЙ БЕРМЕЙТҰҒЫН САРАҢ ЕМЕС
ҚҰДАЙ БЕРМЕЙТҰҒЫН САРАҢ ЕМЕС
12.08.2022 11:33
230
0

Жастар ұғып алыңдар:

Жас күндеріңде ата-ананың қызметін қылып, бата алмағандарың-өскенде өзіңнен төмен иттің құлдығында қаласың. Ата-анаңның ризалығын мақсат қылсаң, есіл дертің ата-ана ризалығы болса –жасаған жас, сүрген өмір, қылған кәсіп, тіршілігің пайдасын көресің. Бұл үшеуінің ризалығын іздемеген, ойламаған болсаң, бұл жалғанның жүзінде атар таң, шығар күн, жарық сәуле көремін деп ойлама. Иттен ілгері, кісіден кейін болып, жалған дүниеде жүргеннен өлгенің артық.

Біреу кедей болса «Құдай кедей қылды», біреу жаман болса «Құдай жаман қылды», біреу надан болса «Құдай надан қылды» деу Құдайды жамандаған болады. Не тапса әркім өз пиғылынан, өз кәсібінен таппақ. Құдай ешкімді зорлықпен кедей қылмайды, ешкімді зорлықпен жаман қылмайды, ешкімді зорлықпен надан қылмайды.

Құдай бермейтұғын сараң емес, сақтай алмайтын осал емес. Не кемшілік болса, пенденің өз пейілінен, өз осалдығынан.... Кісі сол – кәсіп, әрекет қылсын, өзінен басқаға пайдасы тисін. Өзінен басқаға пайда келтірмейтін адамды кісі деме, жаман ұрғашының күсі де. О да аңқайып тұрады, мұның да аузы аңқайып тұрады. «Жаман бала малға ортақ, Жаман адам жанға ортақ». Жаман туған бала –ата-ананың, һәм бірге туысқан бауырларының соры. Ай, Құдай-ай, сақтай гөр, не қылайын күні бұрын жалбарынып ?!»

 

Мәшһүр Жүсіп

 

0 пікір