Қолынан қамшысы түсіп қалсадағы...
Қолынан қамшысы түсіп қалсадағы...
09.02.2019 10:13
274
0

Ауф ибн Мәлик әл-Әшжағи (Оған Алланың сәлемі болсын): «Бірде біз жеті-сегіз немесе тоғыз адамнан тұратын бір топ сахаба Алла елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) алдында болдық. Ол бізге: Алла  елшісінің алдында ант қабылдамайсыңдар ма? - деді. Алайда, біз жақында ғана оның алдында ант қабылдаған едік. Сондықтан біз оған: Уа, Алланың елшісі! Біз жуырда ғана сіздің алдыңызда ант қабылдаған болатынбыз - дедік. Ол сөзін қайталап: Алла  елшісінің алдында ант қабылдамайсыңдар ма? - деді. Сонда бәріміз бірден қолымызды созып тұрып: Уа, Алланың елшісі! Біз сізге ант берген едік. Бұл жолы неге қатысты ант қабылдайық? - дедік. Сол кезде Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): Аллаға ғана құлшылық етіп, Одан өзге еш кімге құлдық ұрмауға, бес уақыт намаз оқуға, Аллаға толық бойсұнуға деді де, ақырын ғана сыбырлап, және ел-жұрттан еш нәрсе сұрамауға қатысты ант беріңдер - деді. Кейін сол жерде ант қабылдағандардың кейбірінің қолынан қамшысы түсіп қалсадағы, әсте ешкімге қол жалғап жібер деп айтпағандарына куә болдым» - деген.

(Муслим риуаят еткен)

 

0 пікір