ҚАЗАҚТЫҢ ҰМЫТЫЛА БАСТАҒАН КЕЙБІР ДӘСТҮРЛЕРІ
ҚАЗАҚТЫҢ ҰМЫТЫЛА БАСТАҒАН КЕЙБІР ДӘСТҮРЛЕРІ
14.01.2021 14:42
509
0

Босаға майлау

Жас жұбайлар отау құрғанда немесе біреу жаңа үйге көшіп келіп жатқан болса, туыстары босаға мен табалдырыққа май жағады. Бұл үйдің майдай жайлы болып, үйге қонақтың көп келуі үшін жасалады. Бұл рәсімді өткізген адамға үй иелері атынан сыйлық беріледі.

Қалау айту

Ұнаған жақсы атты немесе қандай да бір затты «Қалу айту» жолымен алуға болады. Үйге келіп, өз қалауың туралы айту керек, үй иесі мен балаларына да жақсы сыйлық ұсынған жөн.

Аунату

Қазақтар сыйлы қонақ отырған, ұйықтаған жерге баласын аунатып алатын болған. Сенім бойынша балаға осы адамның жақсы қсиеттері мен қабілеттері дариды. Сондай-ақ, «туған жерге аунату» дәстүрі бар. Бұған сәйкес туған жерінен біраз уақыт жырақта жүрген адамды еліне келген кезде туған жердің топырағына аунатып алатын болған.

Ажырасу көже

Ел көшер алдында дастарқан жаю. Осылайша, адамдар өз туыстарымен, көршілерімен қоштасады. Себебі, үндемей көшіп кету көргенсіздік болып саналады. Көшіп бара жатқандар ағайын-туыстары мен ауылының құрметті адамдарына сыйлық қалдырады. Ал ауыл тұрғындары ақ жол тілеп, жаңа қоныстарымен құттықтайды, ауыл ақсақалдары болса, ақ батасын беріп шығарып салады.

Бәсіре

Бала дүниеге келгенде оған жас құлын, қозы немесе лақ атайтын болған. Бұл жануар кішкентай қазақтың алғашқы еншісі болып есептеледі. Адамдар өмірдің осы сәтінен бастап сәби мен оған аталған мал төлінің тағдыры бір-біріне байланысты болады деп санаған. Және ең бастысы — «Бәсірені» қандай жағдай болмасын сатпаған және соймаған. Оған балаға қараған сияқты аса қамқорлық танытып өсіреді. Өз құлынымен немесе ботасымен бірге өсетін баланы бала күнінен қазақтың басты байлығы — үй жануарларын бағалап, сақтауға үйренеді деп есептеген.

Тізе бүгу

«Тізе бүгу» — тізені бүгіп отыру. Бұл келген үйге көрсетілетін құрмет. Егер адам біреудің үйіне келсе, міндетті түрде отыруы немесе тізесін бүгуі тиіс, әйтпесе үй иесіне келген шаруаңды тұрып айтудың өзі реніш тудыруы мүмкін. Егер асығыс болса, бір тізесіне отыруы қажет. Бата алғанда бір тізерлеп тұрып екі алақанды жаяды.

Бел көтерер

«Бел көтерер» — егде тартқан адамдарға беріледі. Қарияларға ерекше күтім қажет болғандықтан, оларға ең дәмді, жұмсақ тағамдар: қазы, май, жент, қымыз, сүзбе, бал және т.б. беріледі. Оны қарияның балалары, көршілері мен жақындары алып келеді. Бұл дәстүр ата-анаға, қарияларға қамқорлық танытудың үлгісі ретінде қызмет етеді.

Өңір салу

«Өңір салу» тойдан кейінгі қазақ дәстүріне жатады. Бұл рәсімді әйелдер орындайды. Олар келінге «шашу» шашып, оған өз сыйлықтарын ұсынады. Әдетте, «Өңір» — киім мен тұрмыс заттары. Бұл дәстүрдің мәні — жас жұбайларға қамқорлық пен сыйластық таныту және аздаған материалдық көмек көрсету.

 

 

0 пікір