ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТЫЙЫМДАРЫ
ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТЫЙЫМДАРЫ
23.01.2020 11:05
358
0

Белгі этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбек қазақтың дәстүрлі тыйымдарын үш түрлі етіп бір ізге келтірген екен. Яғни, адамға, қоғамға және табиғатқа қатысты тыйымдар. 

1.Адамға қатысты дәстүрлі тыйымдар!

Аттандама.

Аузыңа ерік берме.

Аузыңды керме.

Аһлама.

Аяғыңның басына қарап жүрме.

Аяқ киіміңді сол аяқтан бастап киме.

Аяғы ауыр әйелге түйе етін жеуте болмайды (баласын мерзімінен үзақ көтереді).

Аяғы ауыр әйелге керілген арқаннан аттауға болмайды (баланың кіндігі мойынына

оралып қалады).

Аяғыңды басыңнан жоғары қойып жатпа (басыңнап бағың қайтады).

Аяғыңды айқастырып жатпа.

Аяғыңды көтерме.

Басыңды салбыратып отырма

Басыңды шайқама.

Бет-аузыңды қисаңдатып сөйлеме.

Беталды күлме.

Бетіңді баспа.

Бетінді басып жылама.

Бүйіріңді таянба (қаралы емессің).

Бүтыңды ашып отырма.

Ғайбат сөйлеме.

Даусыңды шығарып сөйлеме.

Денеңе түк түсірме.

Езуіңді керме.

Жағыңды таянба (басың істі емес)

Жалған сөйлеме.

Жаман сөз айтпа.

Жуған қолыңды сілікпе.

Жүрелеп отырма.

Қолыңды айқастырма (өлген адамның қолын айқастырады).

Қолыңды артыңа қусырма (тұтқын қолын артына қусырады).

Қолыңды аузыңа салма.

Қолыңды қусырып отырма.

Қолыңды сермеп сөйлеме.

Қолыңды таянба.

Қолыңды төбеңе қойма (тұтқын емессің).

Кек сақтама.

Көп сөйлеме.

Көзіңді алайтпа.

Көзіңді жыпылықтатпа.

Күрсінбе.

Мақтанба.

Мұрныңды шұқыма.

Ойбайлама.

Өзіңді зор санама.

Өзіңді қорсынба.

Өтірік айтпа.

Саусағынды тарақтама.

Сызға отырма.

Табаныңды тартпа.

Тамақ ішкен қолыңды сілікпе

Таңдайыңды қақпа.

Тізеңді қүшақтама.

Тіліңе ерік берме.

Тісіңді қайрама.

Тырнағыңды аузыңа салма.

Тырнағыңды түнде алма.

Үһлеме.

Ішегіңді тартпа.

Ысқырма.

Шашыңды жайма (қаралы емессің).

 

2.Қоғамға қатысты тыйымдар!

 

Адамға қарсы үй сыпырма.

Адамға саусағыңды шошайтпа.

Адамға түкірме.

Адамды санама.

Айыр, күрек, сыпырғыш, шот, кетпен, сияқты мүліктің басын жоғары қаратып қойма.

Ақты төкпе.

Ала жіп аттама.

Аңға алғаш шыққандағы олжаңды ешкімге сыйлама.

Аңшы аңға шығарда қаруы мен қамшысына әйел адамның қол жалғауына болмайды.

Асқа немесе тойға қымыз құйып әкелген сабаны мүлде сарықпа.

Асығып тамақ ішпе.

Асық мұжыма (Аш болсаң да асық мұжыма, тоқ болсаң да тобық мұжы).

Ac қайырмай дастарқаннан тұрма.

Ата-енеңнен, қайнағаңнан бұрын жатпа.

Ата-енеңнің, қайнағаңның атын атама.

Ата-енеңнің, қайнағаңның жатқан жеріне жатпа.

Ата-енеңнің, қайнағаңның төсегіне отырма, төсегін басып өтпе.

Ат құйрығын кеспе (тұлданған жылқының құйрығын кеседі).

Ауған елге тиіспе.

Ауруға күлме.

Ауылдан аттанарда шаба жөнелме.

Шуылға шауып кірме.

Аяғы ауыр әйелге қоян етін жеуге болмайды (перзентінің еріні жырық болады).

Аяғы ауыр әйелге түйе етін жеуге болмайды (перзентін үзақ көтереді).

Аяқ-қолыңды жіппен байлама.

Әдепсіз болма.

Әйел адам ақырын сөйлер болар.

Әйел адам еркекке қарсы қарап отырмас болар.

Әйел адам ер адамның қайда баратынын сұрамас бо­лар.

Әйел адам етегін жауып отырар болар.

Әйел адам «жок» деген сөзді айтпас болар («түгесті», «байыды», «болып қалар», «бүйырса болар» т. б. деп жауап беру керек).

Әйел балаға ұрыспа.

Әйелге жалаңбас жүруге болмайды.

Әйелге жолаушының алдын кесіп өтуге болмайды. Әйелге ер адамның алдын кесіп өтуге болмайды.

Байлығыңмен мақтанба.

Басқаны қор санама.

Басыңа қара не қызыл байлам тартпа (қаралы емессің).

Басыңды босағаға беріп үйықтама.

Бас киімді айналдырып киме.

Бас киімді баспа.

Бас киімді теріс киме.

Бас киіммен ойнама.

Бәлеқормен бастас болма.

Бейуақта бейғам болма.

Бейуақта жылама.

Бейуақта кісіден көңіл сұрама.

Бейуақта ұйықтама.

Бейіт басынан қайтқанда басқа үйге кірме.

Бесікті ашық қалдырма.

Бесікті аяқ асты етпе.

Бесікті бір қолмен көтерме.

Бесікті көрінгенге берме.

Бесікті сатпа.

Бесікті теппе.

Беттеп келе жатқан көп малды бойлай бөліп өтпе.

Беті-қолыңды жуынбай тұрып малды өріске шығаруға болмайды.

Босағаға сүйенбе.

Босағаны керме.

Бос бесікті тербетпе.

Бәтен адамды мал ортасына кіргізбе (көз тиеді, мал шошиды).

Бөтен үйге түнде сәлем беріп кірме ("Кеш жарық" деу керек).

Бүгінгі істі ертеңге қалдырма.

Біреуге қиянат жасама.

Біреуге тесіліп қарама.

Біреудің ақысын жеме.

Біреудің ала жібін аттама.

Бір қолмен нан үзбе.

Бір қолыңмен су құйма.

"Бісіміллә" демей ас татпа.

Дастарқанды аттама.

Дастарқанды баспа.

Дастарқанды пышақпен қырма.

Дастархан бұрышына отырма.

Дәм ішуді қонақтан бұрын доғарма.

Дос-жаран, құда-жекжаттан ит алма, ит берме.

Дүние қума.

Екі кісінің арасынан өтпе.

Елсіз жерде жалғыз ұйықтама.

Елшіге тиіспе.

Еркектің бес қаруына әйел адам тиіспес болар.

Ер-тоқымды аударып қойма.

Ер-тоқымды теріс салма.

Ер адамды әйел түртіп оятпас болар.

Ескі дауды еске алма.

Ескі моншаға кірме.

Есікті керме.

Есікті қатты серіппе ( "Қайтып кірер есікті қатты серіппе" деген).

Есікті теппе.

Жайдақ атқа мінбе.

Жайдақ ерге мінбе.

Жақсының жасын сұрама,

Жақсыны әжуалама.

Жақсы аттың жағын ашпа.

Жақсы істі қызғанба.

Жақыныңа міндетси берме.

Жалғыз тал шимен ұрма (жалғыз қаласың).

Жаңа байығаннан қарьіз алма.

Жаңа түскен келіншек алғашқы перзентін көргенше іш киімін қысқартуға болмайды.

Жаңа үйленгенмен қоңсы қонба.

Жаралы басқа жұғыспа.

Жастыққа отырма.

Жасы үлкенге әзіл айтпа.

Жас баланы ұрма.

Жас босанған әйел үйге кірген итке "кет!" демейді (тісі түсіп қалады).

Жас келін түскен үйіндегі жақындарының атын атамас болар.

Жас малдың мүйізін сипама (қисық болып өседі)

Жас малдың тісін санама.

Жас төлді сипай берме. (өспей қалады).

Жатарда көп тамақ ішпе.

Жатқанда аяғыңды құбылаға берме.

Жатқан кісінің үстінен аттама.

Жатқан малдың үстінен аттама (омыртқасы сынады немесе қасқыр жейді).

Жатып тамақ ішпе.

Жаяу қамшыланба.

Жеңіл ақылмен дос, жолдас болма.

Жер таянба.

Жер таянып отырып ас ішпе.

Жетім-жесірге тиіспе.

Жетім-жесірдің ақысын жеме.

Жозыға мінбе.

Жозының қасында тырнақ алма.

Жозыны қағазбен сүртпе

Жолаушыға сыртта тұрып тіл қатуына болмайды.

Жолаушыдан "қайда барасың?" деп сұрауға болмайды ("жол болсын" дейді).

Жолаушының жолын кеспе (уақытын кесіп айтпа).

Жолай кезіккен иір ізді кесіп өтуге болмайды.

Жуындыны есік көзіне төкпе.

Жұма күні кір жума.

Жұма күні үйді ақтама.

Жұрт алдында қатты күрсінбе.

Жүйрік атқа әйел адам мінбес болар.

Жүріп келе жатып тамақ ішпе.

Жыңғылмен ат айдама.

Жіптің астынан өтпе.

Жіпті мойныңа салма.

Зиратқа қарап қол созба.

Қабырды баспа.

Қазан ернеуін босағаға қарай қисайтып аспа (несібең сыртқа төгіледі).

Қайшыны көк шөпке тастама.

Қаралы елге тиіспе..

Қара, қызыл, ақ түсті шүберекті үй үстіне жайма (қаралы тудың белгісі).

Қарт адамның алдын кеспе.

Қаруды адамға кеземе.

Қатты сөйлеме.

Қатынға қатты сенбе.

Қатын мен балаға сыр айтпа.

Қисынсыз сөз айтпа.

Қой қырқатын қайшыны иесіне қайтарғанда қол жалғап берме (қайшыны жүнге орап, „мұны мен емес, жер берді" деп, жерге қояды).

Қолыңды артыңа айқастырып жүрме.

Қол жумай жозы қасына отырма.

Қонағыңа ашуланба.

Қонағыңды жұмсама.

Қонақтың алдын орама.

Қораға дәрет сындырма.

Қотанда ысқырма.

Құбылаға қарап дәрет сындырма.

„Құранды" жерге тастама.

Құран оқығанда жалаң бас отырма.

Құран оқығанда сөйлеме.

Құран оқығанда түрегеп тұрма.

Қызға ер баланы тебуге болмайды.

Қыз баланы босағаға отырғызба.

Кәрі жілікті әйел балаға ұсынба.

Кешкі асты бақпа.

Кеште тырнағыңды алма.

Киімді желбегей жамылма.

Киімді теріс киме.

Көгенді аттама.

Көптен дараланба.

Көп ішінде жалғыз тамақтанба.

Көрпенің ірге жағын түйықтап жатпа.

Көрпені теріс салма (яғни, көрпенің тұйық жағын босағаға қаратып салуға болмайды).

Көршіңе жамандық ойлама.

Күйеуіңнен бұрын жатпа.

Күйеуіңнің ірге жағына жатпа.

Күні түскенге кісәпір болма.

Күректің сабын аттама.

Кірдің суын баспа.

Кірдің суын есік көзіне төкпе.

Кісіге қарап бала емізбе.

Кісіге қарап есінеме.

Кісіге қарап орынсыз күлме.

Кісіге пышақ сұқтама.

Кісіні айналма.

Кісі келгенде тамақ сұрама.

Кісі келгенде үй сыпырма.

Кісі көзінше керілме.

Майлы тамақтан соң салқын су ішпе.

Малға баскиім лақтырма.

Малға зекіме.

Малға қант, түз ұсынып шақырма.

Малға теріс қарап мінбе.

Малға теріс мінбе.

Малдың алғашқы сауымынан алынған майды асқа қолданба (босағаны, табалдырықты, киіздің етегін майла).

Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды.

Малдың бітіміне, сүттілігіне сүқтанба.

Малды бөтен адамға саудыртпа.

Малды қу шыбықпен немесе қабықталған ағашпен айдама.

Малды сауарда балтаны ағашқа шанышпайды.

Малды сауған соң қол жумай тұрып, қол беріп амандасуға болмайды.

Малшыдан "Не бағып жүрсің?", „Не сауып жүрсің?" деп сұрама.

Мал қораның есігін ашық қалдырма.

Мал қоршауына шықпа.

Мал сауатын ыдысты төңкеріп ұстама.

Мал сауып жатқанда иесімен сөйлесіп, сауынның жанына келуте болмайды.

Мал төлдеп жатқанда қарызға ештеңе берме.

Маңдайшаға төбеңді тіреме.

Mac қылатын ішімдік ішпе.

Мойынға белбеу салма.

Молаға қарай жүгірме.

Молаға қарап дәрет ұсатпа.

Моланы саусағыңмен көрсетпе.

Мүгедек адамды мазақтама.

Мүрдеге топырақ салғанда күректі екінші адамға қолмен берме.

Мүрдеге топырақ салғанда күректі табаныңмен баспа.

Намазды бөлме.

Нанды баспа.

Нанды бір қолмен үзбе.

Нанды жерге тастама.

Нанды лақтырма.

Нанмен ойнама.

Нанның ұнтағын тастама.

Ойланбай сөйлеме.

Ойланбай іс бастама.

Орынсыз кінә қойма.

Оттықты жақпа.

Өзгенің алдындағы асқа сұғынба.

Өзіңде жоққа мақтанба.

Өзіңе ұнамағанды өзгеге теліме.

Өз басыңа лайық емес сөз айтпа.

Өлген кісіні жамандама.

Өліктің дене топырағын сәндеме.

Өлімге бата жасап қайтқанда басқа үйге кірме.

Өлім бар да қаза бар екенін ұмытпа.

Өсек тасыма.

Өтірік айтпа.

Пышақпен ойнама.

Пышақтың жүзін жалама.

Пышақтың жүзін жоғары қаратып тастама.

Пышақты нанға қадама.

Сүйекті отқа салма.

Сүттің бетін ашық қалдырма.

Сүтті үрлеп ішпе.

Сүт сауатын шелекті су басына апарма.

Сыйлаған немесе сатқан малды еске алып қайғырма.

Сыйлаған немесе сатқан малды жүген, ноқтасымен жіберме.

Сыпырғышпен ұрма.

Сыпырғышты тік қойма.

Сырыңды көрінгенге шашпа.

Табалдырықтың сыртында түрып сөйлеспе. Табалдырықты баспа.

Тәкаппар болма.

Тамаққа қос қолмен сүғынба.

Тамак, ішіп отырған кісіге тесіле қарама.

Тамак, ішіп отырып түрып кетпе.

Таңғы асты тастама.

Таңдайыңды қақпа.

Таяққа сүйенбе.

Тоқымды төсенбе.

Төрге қарап жүреңнен отырма.

Төсекте жылама.

Түзды баспа.

Түмса малдың алғашқы сауған сүтін бөтенге берме. Түмса малды алғаш сауған соң „Сүтті екен" деп мақтама.

Түнде айнаға қарама.

Түнде бақырып жылама.

Түнде жалғыз суға түспе.

Түнде кір жайма.

Түнде сандық ашпа (шығын болады, сандық ашу керек болса, "жылан кіріп кетті" деп ашады).

Түнде суға баруға болмайды (әсіресе әйел адамға).

Түнде түсіңді айтпа.

Түнде шаш алма.

Түрегеп тұрып дәрет ұсатпа.

Түсіңді аузы бейпіл адамға жорытпа.

Тымақ үстінен тымақ киме.

Уыздан соң іле суық су ішпе.

Ұрлық жасама.

Үйге қарай жүгірме.

Үйге сыртыңмен кірме.

Үйде өлік жатқанда от жақпа.

Үйде ысқырма.

Үйді айналма.

Үйіңе келсе, үйдей дауыңды айтпа ("Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш" деген).

Үлкенге қарсы келме.

Үлкенге "Сен" деме.

Үлкеннен бұрын билік айтпа.

Үлкеннен бұрын төрге шықпа.

Үлкеннің сөзін бөлме.

Үлкен кісіге сыртыңды берме.

Үлкен кісіден бұрын дәмге қол созба. Үлкен кісінің жолын кесіп өтпе.

Шақырғаннан қалма ("Шақырғанға бармасаң, шақырғанға зар боларсың" деген).

Шақырмаса барма.

Шамды үрлеп өшірме.

Шаңыраққа сәлем бермей кірме.

Шарап ішпе.

Шашты баспа.

Шашты далаға тастама.

Шәйнектің шүмегін төмен қаратпа.

Шошқа етін жеме.

Шылым шекпе.

Шырақты үрлеме (ұмытшақ боласың).

Ыстық тамақты қомағайланып ішпе

 

3.Табиғатқа қатысты

 

Адал малдың енін, өтін, көз қарашығын, безін, жатырын жеуге болмайды.

Айға қарап дәрет сындырма.

Айға қарап отырма.

Айды қолыңмен көрсетпе.

Ай сәулесін бетіңе түсіртпе.

Ай толғанда желі тартпа.

Ай толғанда жолға шықпа.

Ай толғанда көшпе.

Ай толғанда қыз ұзатпа.

Ай толғанда үй тікпе.

Аққуды атпа.

Ақтың жуындысын ағынды суға төкпе.

Ақты төкпе.

Ақ төгілген жерді баспа (малдың желіні іседі).

Аңды ысқырмай атпа.

Буаз малды қуалама.

Дәуітке тиіспе.

Жалғыз ағашқа тиіспе.

Жалғыз ағашты кеспе.

Жаңа ай туғанда қойға қошқар жіберме.

Жаңа туған нәрестенің кіндігі қатқанша күн батпай тұрып күл шығарма.

Жас босанған ананы түнде суға жіберме.

Жас босанған әйелдің есіктен кірген итке "кет" деуіне болмайды (тісі түсіп қалады).

Жерді орынсыз қазба.

Жерошақ аттама.

Жер томпайтпа.

Жолға дәрет сындырма.

Жолға түз алып шықпа.

Жұлдызды саусағыңмен көрсетпе.

Жұлдыз санама.

Иттің құйрығынан тартпа.

Ит баласын үйде ұстама.

Итке ожаумен ас құйма.

Кептерге тиіспе.

Көкектің етін жеме.

Көктемде жан-жануарға тиіспе.

Көк шөпті жапырма.

Көк шөпті жұлма.

Күлді баспа.

Күнге қарап дәрет сындырма.

Күн батарда күнмен таласып жұмыс істеме.

Күн батарда ұйықтама.

Күн батқан соң қорадан мал шығарма.

Күн шығарда ұйықтама.

Кірдің суын баспа.

Қара жерде қазық қалдырма.

Қара жерді қазулы қалпында қалдырма.

Қарлығаштың ұясын бұзба.

Қаршағаның етін жеме.

Қойға қошқар салғанда зекіп сөйлеме.

Қойға қошқар салғанда қамшы көрсетпе.

Қойдың шуын жерден айырма (сүйретіп апарып таста, әйтпесе қозы қашаған болады).

Қой жүнін өртеме.

Қой төлдеп жатқанда мал берме.

Қотанға дәрет ұсатпа.

Құдыққа түкірме.

Құмырсқаның илеуін бұзба.

Құндыз аулама.

Құстың ұясын бұзба.

Малға зекіме.

Малға қан көрсетпе.

Малдың аяғын бумай бауыздама.

Малдың кемішлігін көзінше айтпа.

Малдың көзінше жыртқыш аң-құстың атын атама.

Малдың көзінше мал ауруының атын атама.

Малдың сүйегін баспа.

Малдың сүйегін отқа жақпа.

Малдың шуын өзіне жегізбе.

Малды басқа ұрма.

Малды зорықтырып қума.

Малды теппе.

Малды шошытпа.

Малшыға көктемде жалаң аяқ, жалаң бас сыртқа шығуға болмайды.

Мал қораға дәрет сындырма (малдың көзіне ак, түседі).

Мал қораға түзге отырма.

Мал қораға түнде от алып кірме.

Мал төлдеп жатқанда тесіліп қарама.

Мал ішінде бөгде адамның жатуына болмайды.

Ораза кезінде малдың орынын ауыстырма.

Ордалы жыланға тиіспе.

Отқа су құйып сөндірме.

Отқа түкірме.

Отпен ойнама.

От айналма.

От басына түкірме.

От кеспе.

От шашпа.

От шығарма.

Ошақтағы отты үрлеп сөндірме.

Өлген адамды қорлама.

Өлік шыққан үйдің малын саума.

Өрмекшінің өрмегін бұзба.

Өрмекшіні өлтірме.

Саралақазға тиіспе.

Семіз малды қуалама.

Соғым малын қуалама.

Суға дәрет сындырма.

Суға қарай жүгірме.

Суға түкірме.

Суды сапырма.

Су шашып ойнама.

Сүйекті отқа салма.

Сүтті отқа төкпе (мал желініне қотыр шығады).

Тұзды баспа

Түнде жүгірме.

Түнде күл төкпе.

Түнде күл шығарма.

Түнде кір жайма.

Түнде судың бетін ашық қалдырма.

Түнде тырнақ алма.

Түнде үй сыпырма.

Тірі малға көрсетіп мал сойма.

Tipi малдың етін кесіп алуға болмайды.

Ұлыстың ұлы күні жамандық істеме.

Ұрлық жасайтын, өтірік айтатын адамға мал жаюға болмайды.

Үй ішінде жылан өлтірме.

Шашыңды отқа салма.

Ішетін суға аузыңды батырма. 

 

0 пікір