ҚАЗАҚҚА ҚҰМЫРСҚАНЫҢ БІРЛІГІ ДЕ БҰЙЫРМАҒАН БА?
ҚАЗАҚҚА ҚҰМЫРСҚАНЫҢ БІРЛІГІ ДЕ БҰЙЫРМАҒАН БА?
08.01.2020 10:13
315
0

«Атлант мұхиты үстінде мың құмырсқа қалқып келеді. Жай келе жатқан жоқ: қыз-қыз қайнаған тіршілік, дән тасып, жапы­рақ арқалап, жұмысқа жегіліп, асау тол­қынға жанталаса қарсылық көрсетіп, не керек, ӨМІР мен ӨЛІМ арасында арпа­лысып жатыр…

Мың құмырсқа! Мұхит суына батпайды. Тіршілігі де тоқтамайды. Қашан жағалауға жеткенше  өмір үшін жанталасады. Жағаға жеткесін құмырсқа қыбыры да, жыбыры да тоқтамайды.

 Жаңа жылдың жарқын күндері әлемдік телеар­на­лардың біріне телміріп отырып осы көріністі көрдім. Көрдім де ойландым. Мың құмырс­қа неге мұхит суына батпайды? Неге ыды­рап кетпейді?

Құдайдың құдыретін қара­ңыз: бір-бірімен тығыз байланысқан құмырс­­қалар толқын ұрғанда алдыңғы екі аяғымен бір-бірін қармап алады екен, соның арқасында олар асау толқынға сал секілді қарсыласады, араларына су кір­мейді, қалтқы тәрізді қалқи береді; сөйтіп, жатып тіршілік жасауын тоқтатпайды. Біздің қазаққа  осы мың құмырсқаның бір­лігі бұйырмаған ба?»

 

Нұртөре Жүсіп

«Мың құмырсқа және біз» (Алматы, 2016) 

 

0 пікір