ҚАЗАҚ ҰЛЫ ЖАЗУШЫЛАРЫНЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ
ҚАЗАҚ ҰЛЫ ЖАЗУШЫЛАРЫНЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ
01.04.2021 11:30
1890
0

Ғаламторда  әлемнің ұлы тұлғаларының қанатты сөздерін жеке парақшада жариялау өзіндік сәнге айналды. Бұл ұлы нақылдар тіпті миллиондаған адамдардыңөмірде ұстанатын ережесі болды. Себебі олардың істеген істері, еңбектерінің қоғамдағы беделі өте жоғары. Қазақәдебиетінде де ұлы еңбектер жазған ұлы жазушылар жетерлік. Оларды да ұмытпағанымыз жөн.        

Біз сіздер үшін ұлы қазақ жазушыларыныңқанатты сөздерін жинап бердік. Мүмкін осыдан кейін кейбіреулерде олардың шығармаларымен танысу қызығушылығы ашылып кететін шығар. 

...Түсінбеймін...Қара борбай кедейлер теңдік алсын. Бірдейлік орнасын. Бірақ, бәтір-ау, осы халықтың киер киімі, ішер асы бірдей болғанмен, құлқы бірдей бола ма?

 Әбдіжәміл Нұрпейісов

Көтер қане басыңды, қалай бұның?!

Мұз боп еріп кеткен бе бар айбының?!

Көтер қане басыңды!

Күніңді босқа өткізіп пе едің?

Тағдыр неге сыр айтты сары-ау,

Өмірдің барлық сәтсіздіктерін

Бақытсыздық - деп кім айтты саған?!

Кім айтты саған?!

Тұлпарды сүрінбейді деп,

Асауды мінілмейді деп,

Ақ көйлек кірлемейді деп,

Қара ешкі мүжіген ағаш қайтадан гүлдемейді деп.

 Мұхтар Шаханов.

Адамның шын мағынасымен "Адам" болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбайды, жалпы адамзатты сүюі шарт.

Мағжан Жұмабаев.

Осы өмірден басқа өмір жоқ болатын болса, жаралыспен жағаласып, адамдармен арпалысып өмір сүргенше, жасамаған артық емес пе?

Өтіріктен тілін тия алмаған адам арамдықтан ындынын тия алмас.

Шәкәрім Құдайбердіұлы.

Бағалай білмегенге бақ қонбайды, 
Қуана білмегенге құт қонбайды.

Әбіш Кекілбаев.

Оқысы білім бұлағы, 
Оқыса елдің ұланы,—
Тірілтіп, елге жан бітіп,
Елі үшін жұмақ қылады.

Бейімбет Майлин.

Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тез қолға түседі. Шала мейір шала байқайды. 

Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі содан шығады. Бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: ел басы, топ басыларына тоқтай білетіндігі мен намысқойлығы. Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек: біріншісі - зор билік, екіншісі - есепсіз байлық.

Абай.

Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды.

Жүсіпбек Аймауытов.

Қазақтың қасиетін тану - Абайды танудан басталмақ. Халқымыздың сөз өнерін зерделеу - Абай тағылымын бағамдаудан байқалмақ. Абай - қазақ тарихындағы қайталанбас сом тұлға. Абай биігі - халқымыздың көркемдік ой-танымында ешкім жетпеген заңғар.

Мұхтар Мағауин.

Жақсылық жолында келе жатып жаман әдет көрсетпе.

Сәбит Мұқанов.

 

0 пікір