Қазақ қалай амандасқан?!
Қазақ қалай амандасқан?!
10.03.2019 22:05
1971
0

Қазақтың қанға сіңген дәстүрі бойынша екі кісі жолыға қалғанда алдымен жасы кішісі «Ассалаумағалейкүм!» деп бірінші болып сәлем береді. Жасы үлкені «Уағалайкүмассалам!» деп жауап қатады. Содан соң мал-жан амандығы сұралады. Мұсылманша сәлемдесу бір-бірін танымайтын бейтаныс адамдар үшін де міндетті саналған. Кейіннен атеизмді ту еткен коммунистер қоғамы сәлемдесудің бұл түрін ұлт жадынан өшіріп, архаизмге айналдыруға тырысты. Алайда дегендері болмай, өздері құрдымға кетті.

Қазірде бізде сәлемдесуге аса мән бермейтін ұрпақ қалыптасты. Қоғамда қалыптасып бара жатқан сәлемдесу үлгілері бір-біріне тілек тілеуден гөрі, бір-біріне жауапсыз сұрақ қойғандай әсерде қалдырады. Мысалы, «сәлеметсіз бе?» жауабы «сәлеметсіз бе?» немесе «қалайсың?» жауабы «қалайсың?»

Қазақ халқындағы амандасу үлгісі нағыз мұсылманша болатын. Кездескен кезде оң қолын жүрек тұсына қойып, «Ассалаумағалейкум!» деп дауыстап сәлем берген. Оң қолын беріп, қос қолдап амандасқан. Жас үлкенге, жалқы адам жалпы көпшілікке бірінші болып сәлем берген. Ал, әйел кісілермен «Есенсіз бе?» деп хал сұрасқан. Осылай сәлемдесу әдебін балаларына да үйреткен. Сол тәрбие арқылы шынайы мұсылманшылық болмысын сақтай алған. Бұхар жыраудың мынадай үлгілі нақыл сөзі бар:

Өзек қуа ағады,
Өзен судың сағасы.
Алыстан сәлем береді,
Әдепті елдің баласы.

«Ассалаумағалейкум» арабша «Ассаламу алейкум» – «сізге Құдайдың тыныштығы болсын» деген мағынаны білдіреді. Демек, мұсылманшылықта сәлем берудің негізі – тілек, екі мүмін кездескен жерден бір-біріне Тәңірінің тыныштығын тілеп, дұға етеді. Мұсылмандардың сәлемдесу формуласы Құран аяттарымен және Пайғамбарған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерімен бекітілген.

Жаратқан Ие мұсылмандарға бір-бірінің үйлеріне барғанда жақсылап амандасуларын бұйырады. Есендеспей кірмеуді ескертеді.

قَالَ اللهُ تَعَالَى: ﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لا تَدْخُلُوا بُيُوتًا غَيْرَ بُيُوتِكُمْ حَتَّى تَسْتَأْنِسُوا وَتُسَلِّمُوا عَلَى أَهْلِهَا ذَلِكُمْ خَيْرٌ لَكُمْ لَعَلَّكُمْ تَذَكَّرُونَ﴾

Алла Тағала былай дейді: «Уа, иман келтіргендер! Өздеріңнен үйлеріңнен басқа үйлерге қашан үйренісіп, иелеріне сәлем бермейінше кірмеңдер. Солай еткендеріңөздеріңе жақсы, бәлкім, үгіт аларсыңдар».[1]

Сондай-ақ, ардақты аяттарда сәлем берген адамға сәлем қайтарудың маңыздылығы айтылады.

قَالَ اللهُ تَعَالَى: ﴿وَإِذَا حُيِّيتُمْ بِتَحِيَّةٍ فَحَيُّوا بِأَحْسَنَ مِنْهَا أَوْ رُدُّوهَا إِنَّ اللَّهَ كَانَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ حَسِيبًا﴾

Алла Тағала былай дейді: «Және егер сендерге сәлем берілсе, одан да жақсы сәлем беріңдер не солай қайтарыңдар. Шындығында, Алла әрбір нәрсені есептеуші»[2].

Мұсылманша амандасудың түп-төркіні атамыз Адамнан басталған. Хақ Тағала әу баста оған осылай сәлемдесуді үйреткен.

قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «خَلَقَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ آدَمَ عَلَى صُورَتِهِ طُولُهُ سِتُّونَ ذِرَاعًا، فَلَمَّا خَلَقَهُ قَالَ لَهُ: اذْهَبْ فَسَلِّمْ عَلَى أُولَئِكَ النَّفَرِ، وَهُمْ نَفَرٌ مِنْ الْمَلَائِكَةِ جُلُوسٌ، وَاسْتَمِعْ مَا يُجِيبُونَكَ، فَإِنَّهَا تَحِيَّتُكَ وَتَحِيَّةُ ذُرِّيَّتِكَ، قَالَ: فَذَهَبَ فَقَالَ: السَّلَامُ عَلَيْكُمْ، فَقَالُوا: السَّلَامُ عَلَيْكَ وَرَحْمَةُ اللَّهِ، فَزَادُوهُ رَحْمَةَ اللَّهِ». رَوَاهُ أَحْمَدُ.

Алланың Елшісіған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Даңқты да ұлық Алла Адам атаны алпыс шынтақ бейнесінде жаратты. Жаратып болған соң оған: «Ана отырған топқа бар да, сәлем бер. Олардыңөзіңе не деп жауап қайтаратынын тыңдап көр. Бұл сенің және ұрпақтарыңның сәлемдесуі», − дейді. Ол жерде бір топ періштелер отырған болатын. Адам ата оларға барып: «Ассаламу алейкум!» − деп амандасады. Олар: «Ассаламу алайка уа рахматуллаһ!» − деп, «рахматуллаһ» сөзін қосып жауап қайтарады»[3].

Пайғамбарған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) саналы ғұмырында ізгі сахабаларына мұсылманшылық әдептің қыр-сырын баяндап түсіндірген. Бір-біріне Тәңірдің тыныштығы мен бейбітшілігін тілеудің түбі құт-береке әкелетіндігін айтып өткен.

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ لِي رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «يا بُنيَّ إِذَا دَخَلْتَ عَلَى أَهْلِكَ فَسَلِّمْ، يَكُونُ بَرَكَةً عَلَيْكَ وَعَلَى أَهْلِكَ». رَوَاهُ التِّرْمِذِيُّ.

Әнесған Алла разы болсын)  былай дейді: «Алланың Елшісі ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) маған: «Уа, балам! Отбасыңа кірген кезде оларға сәлем бер. Ол өзіңе де, отбасыңа да береке әкеледі», − деді»[4].

Пайғамбардыңған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы тәлімі кейінгі үмбетіне керемет үлгі. «Жасында көргені жоқтың өскенде айтары жоқ» дегендей, баланы жасынан мұсылманша сәлем беруге үйрету – оның болмысына имани құндылықтарды сіңірудің бір жолы. Сондықтан бүлдіршін кезінен «атаңа сәлем бер», «әжеңмен амандас», «оң қолыңды беріп амандас» деп үйретіп, балауса шақтан ізеттілікке баулыған жөн.

Сондай-ақ, екі адам емен-жарқын амандасса, іштегі көңіл кірі, бір-біріне деген өкпе-реніші кетеді. Сонымен бірге оларға Жаратқан Ие де разы болып, күнә-қателіктерін кешіреді. Шариғатта шынайы сәлемдесудің осындай қырлары бар.

عَنِ الْبَرَاءِ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «مَا مِنْ مُسْلِمَيْنِ يَلْتَقِيَانِفَيَتَصَافَحَانِ إِلاَّ غُفِرَ لَهُمَا قَبْلَ أَنْ يَفْتَرِقَا».رَوَاهُ أَبُو دَاوُدَ.

Бараданған Алла разы болсын)  жеткен риуаятта Алланың Елшісіған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)«Қандай да бір екі мұсылман бір-бірімен кездескенде қол берісіп амандасса, олардың күнә-қателіктері кешіріледі», – деген[5].

Араздасып қалған мұсылмандардың арасын жарастыруға сеп болатын да осы сәлемдесу.

عَنْ أبِي أَيُّوبَ الأَنْصَارِيِّ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنْ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: لَا يَحِلُّ لِمُسْلِمٍ أَنْ يَهْجُرَ أَخَاهُ فَوْقَ ثَلاَثِ لَياَلٍ، يَلْتْقَيِاَنِ فَيُعْرِضُ هَذَا وَيُعْرِضُ هَذَا، وَخَيْرُهُمَا الَّذِي يَبْدَأُ بالسَّلَامِ». مَتَّفَقٌ عَلَيْهِ.

Әбу Аййуб әл-Ансариденған Алла разы болсын) жеткен риуаятта Алла Елшісіған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Ешбір мұсылманға бауырымен үш күннен артық араздасуына, екеуі кездескенде бір-бірінен бет бұруларына болмайды. Олардың ең ізгісі − алғаш сәлем бергені»[6].

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ لا تَدْخُلُوا الجَنَّةَ حَتَّى تُؤْمِنُوا، ولا تُؤْمِنُوا حَتَّى تَحَابُّوا، أَوَ لا أَدُلُّكُمْ عَلَى شَيءٍ إِذَا فَعَلْتُمُوه تَحَابَبْتُمْ ؟ أَفْشُوا السَّلامَ بينَكم».رَوَاهُ مُسْلِمٌ.

Әбу Һурайраданған Алла разы болсын) жеткен риуаятта бірде Пайғамбарған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)«Жаным қолында болғанмен ант етейін, жәннатқа қашан иман келтіргендеріңше кірмейсіңдер, ал қашан бір-бірлеріңді жақсы көрмегендеріңше толық иман келтірмейсіңдер. Сендерге соны нығайтатын нәрсені айтайын ба? Өз араларыңда сәлемді таратыңдар (яғни, бір-бірлеріңе сәлем беріңдер)», – деген[7].

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنَّ رَجُلاً مَرَّ عَلَى رَسُولِ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَهُوَ فِي مَجْلِسٍ فَقَالَ: السَّلامُ عَلَيْكُمْ، فَقَالَ: «عَشَرَ حَسَنَاتٍ». فَمَرَّ رَجُلٌ آخَرُ فَقَالَ: السَّلامُ عَلَيْكُمْ وَرَحْمَةُ اللهِ ، فَقَالَ: «عِشْرُونَ حَسَنَةً». فَمَرَ رَجُلٌ آخَرُ فَقَالَ: السَّلامُ عَلَيْكُمْ وَرَحْمَةُ اللهِ وَبَرَكَاتُهُ، فَقَالَ: «ثَلاثُونَ حَسَنَةً». رَوَاهُ التِّرْمِذِيُّ وَالبُخَارِيُّ.

Әбу Һурайрадан ған Алла разы болсын)  бірде сахабаларымен бірге мәжіліс құрып отырған Алланың Елшісінің ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  жанынан бір кісі өтіп бара жатып: «Ассаламу алейкум!» – деп сәлем береді. Пайғамбарған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)«Он жақсылық», – дейді. Сосын басқа бір кісі өтіп бара жатып: «Ассаламу алейкум уа рахматуллаһ!» – дейді. Пайғамбарған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)«Жиырма жақсылық», – дейді. Сосын тағы бір кісі өтіп бара жатып: «Ассаламу алейкум уа рахматуллаһ уа бәрәкәтуһ!» – дейді. Сонда Пайғамбарған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)«Отыз жақсылық», – дейді[8].

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «يُسَلِّمُ الرَّاكِبِ عَلَى الْمَاشِي، وَالْمَاشِي عَلَى الْقَاعِدِ، وَالْقَلِيلُ عَلَى الْكَثِيرِ». مُتَّفقٌ عَلَيْهِ.

Әбу Һурайраданған Алла разы болсын)  жеткен риуаятта Алланың Елшісіған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)«Аттылы жаяуға, жаяу отырғанға, азшылық көпшілікке сәлем береді», – деген[9].

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رضي الله عنه أنْ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «يُسَلِّمُ الصَّغِيرُ عَلَى الْكَبِيرِ، وَالْمَارُّ عَلَى الْقَاعِدِ، وَالْقَلِيلُ عَلَى الْكَثِيرِ». رَوَاهُ البُخَارِيُّ.

Әбу Һурайрадан ған Алла разы болсын) жеткен риуаятта Пайғамбар ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)«Кіші үлкенге, жүргінші отырған адамға, азшылық көпшілікке сәлем береді», – деген[10].


[1] Нұр сүресі, 27-аят.
[2] Ниса сүресі, 86-аят.
[3] Ахмет риуаят еткен.
[4] Термези риуаят еткен.
[5] Әбу Дәуіт риуаят еткен.
[6] Бұхари, Мүслім риуаят еткен.
[7] Мүслім риуаят еткен.
[8] Термези, Бұхари риуаят еткен.
[9] Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.
[10] Бұхари риуаят еткен.

Муслим.кз

 

0 пікір