Қателесуге болады, қайталай беру-білімсіздік!
Қателесуге болады, қайталай беру-білімсіздік!
31.07.2019 10:35
345
0

«Терминнің тереңдігі - түсінбестің кереңдігі»,- деп отырғанымыз бесенеден белгілі әңгіме. Әр саланың өзіне тиесілі қалыптасқан терминдері болады. Яғни терминология дейтініміздің өзі де сол бір термин. Термин ол еріккенің ермегі немесе ділмар шешеннің ат үсті айта салған таяз тұжырымы мүлде емес. Ол дегеніміз ерекше сүзбеден өтіп, әбден иі қанып қалыптасқан дүние. Арабша да «Истилах» деп аталады.  Дінімізді Әз елші (с.ғ.с) жеткізіп үйрете бастағаннан бастап арабтардың күнделікті қолданып жүрген сөздері іргелі терминдерге айланып кеткен. Әрине бұл заңды құбылыс. Мысалы Сала(т) араб тілінде тілек, дұға дегенге саяды. Міне намаз парыз болғаннан соң бұл ол мағынасынан терең мағынаға ойысып, өз уақытылы оқылатын бес уақыт намаз дегенге қауышқан. Біз парсы тілінен енген «намаз» сөзін қолданамыз.

Сенім яғни кәлам ілімінде өте нәзік түзілген бір қалып бар. Оны түсінбегендер қарадай тиісіп, тіпті кәламшыларды адасты деп жерден жеті қоян тапқандай жар құлағы жастыққа тимей жар салып бағады. Маңызды үш терминді беріп оңай тілде түсіндіріп көрейін.

Кәлам ілімінде іргелі мынадай үш термин бар.

 Олар:

Тәнзийх, Исбәәт және Тәфуийд

Бұлардың қазақ тіліндегі аудармасын берер болсақ,

Тәнзийх – Пәктеу,

 Исбәәт – Бекіту және Тәфуийд – Тапсыру.

Міне бұл Әһлу сүннет уәл жамағаттың негізгі ұстанымы осы. Мағынасынан түсінгеніміздей Бірінші Аллаһты барлық кемшілік атаулыдан пәктейміз. Екінші Өзіне лайық болған есім сипаттармен бекітеміз. Үшінші муташәәбих аят хадистерде келген есім сипаттарды Өзіне тапсырамыз. Муташәәбих аят хадистерді мухкәм аят хадистердің аясында түсінеміз. Осы бағыттың шеңберінен шықпай Тәуийл жасаймыз. Тәуийл тек дәрілік мақсатта, майталман мамандардың тағайындауымен (рецепт) іске асады.

Мінекей осындай іргелі термин түсінбеген кей бауырлар аса қатерлі қателікке белшесінен батты. Мысалға уахаббизм бағытында ақида оқып ұстанушылар олардың алдында. Олардың жүйесі ұсулы бойынша, төмендегідей. Олар бірақ өздері не айтып жүргендерін өздері сезбейді. Қараңыз;

Исбәәт, Тәнзих және Тәфуийд

Исбәәт – Бекіту, Тәнзийх – Пәктеу және Тәфуийд – тапсыру. Осыларды келесіде талдай жөнелсек, Исбәәт етеміз деп Құран хадисте келген иәд уәжһ т.б сөздерді Алаһқа теліп бекітіп алады. Тәнзийх иәді, уәжһі бар деп бекітіп алған соң, біздікіне ұқсамайды деп пәктеген болады. Ал Тәфуийд жасаймыз деу арқылы Тәшбийх-қа  яғни ұқсатуға өтіп отырғандарын өздері түсінбейді, түсіндірмейді. Түсіндіргенді күдік салып, ақылға, логика салынып отыр деп кінәлайды. Сол арқылы алтын ақыл һәм даналыққа күйе жағады. Бұл дегенің баланың қылығы екенін мүлде түсінбейді. Тышпай бұлғау деген осы болар. Өйткені Тәуийл жасамаймыз, жасаушылар адасушылар деп өздері Тәшбийх сол арқылы Тәжсийм былығына батып отыр.

Иә, әһлу сунна уәл жамағатпыз деп өз-өздеріне ат қойып айдар таққанмен не пайда?!

Раббым орынсыз ойдың жетегінен сақтасын!

 

Берікбай ГЕРМАНҰЛЫ,

 Баянауыл ауданы,

«Мұса-мырза» мешітінің ұстазы

 

0 пікір