ҚАРИЯЛЫҚ ОЙЛАР...
ҚАРИЯЛЫҚ ОЙЛАР...
27.02.2020 09:34
304
0

Қайғы-
Қыран құстың қияғын көргенде,
Жүйрік аттың тұяғын көргенде,
Ұлы жиын ойында болғанда,
Сұлу жардың қойнында болғанда-қалады.

Бес дауа-
Даудың дауасы-татуласу,
Келісімнің дауасы-мақұлдасу,
Білмегеннің дауасы-ақылдасу,
Танысудың дауасы-жөн сұрасу.

Қартайғанда:
-Қорқақтық,
-Дәметкіштік,
-Өкпелегіштік-пайда болады.

Қуат
Бала кезде-аяғында,
Жігіт кезінде-белінде,
Қартайғанда-аузында болады.

Кінәлі
Көргенін, білгенін айтпаса-кәрі,
Тыңдамаса-жас кінәлі.

Асық
Қызды-ұзатуға,
Қарызыңды-қайтаруға,
Күнә тәубесыне,
Шақырғанға баруға-Асық.

Ғанибет
Дәм татысу,
Дидар көрісу-Ғанибет.

Гауһар
Ақыл-гауһар,
Жауы-ашу;
Иман-гауһар,
Жауы-тәкаппар менмендік.
Ілім-гауһар,
Досы-іздену;
Момын-гауһар,
Досы-намаз.

 

0 пікір