ПАРАҚОР ҚАЗЫНЫҢ ОПЫҚ ЖЕУІ
ПАРАҚОР ҚАЗЫНЫҢ ОПЫҚ ЖЕУІ
25.02.2021 10:37
321
0

Елдің ішер асқа жұтаңдау жылы екен. Жарлы - жақыбайлар не амал жасарларын білмей, әрі - сәрі күй кешеді... Бөлтірік бір байдың саяқ жүрген жылқысын әкеліп, сойып, кедей -кепшіктерге жіліктеп бөліп береді.
- Ойбай - ау,ба й бізді құртады ғой! - деп кедейлер қорқақтайды.
- Жауабын өзім беремін. Алыңдар, қара сирақ балаларың бір тойсын, - дейді Бөлтірік.
Бай Бөлтірікті қазыға тартады. Қазы парақор екен. Соны білетін Бөлтірік қалтасына өзен шетіндегі жұқа қайрақ тасты толтырып салып алады. Қазы алдында отырғанда Бөлтірік әлгі шөнтекті ебін тауып оның қойнына салып жібереді. Осыдан соң-ақ қазы Бөлтірікті жақтап, байдың шағымын аяқсыз қалдырады. Былай шыға бере қазы Бөлтірікті шақырып алып:
- Ей, ұры! Мына тасың не толтырып қойған! - дейді қызараң қаға.
- Ойбай, Қазеке-ау сізге менің бергенім тас емес, өңкей күміс теңге болатын.
- Күміс теңгең онда қалай тас болып кетті?
- Ой, Қазыеке-ай, Амалы күшті Алла көзді ашып-жұмғанша-ақ адамды есекке айналдырып жібереді деп өзіңіз талай айтпап па едіңіз? Байдың атын менің сойып жегенім рас, соны біле тұра сіз мені төлемнен құтқарып жібердіңіз.
Осыны білген бай: "Алғаның ас болмай, тас болғыр" деп қарғаған шығар.
- Әй, мынаған дауа жоқ екен, - деп шөнтікті лақтырып жіберіп, жөніне кете беріпті.

 

 

0 пікір