Өзіне сондай баурап алатын
Өзіне сондай баурап алатын
23.12.2015 15:38
1854
0

Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларын өзіне баурап алғандығы сонша, араларындағы сүйіспеншілікті сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Өйткені бұл махаббат иләһи сүйіспеншіліктен туындаған махаббат болатын. Алла Тағалаға махаббаттың өзге бір көрінісі болған шынайы махаббат еді. Бұл сүйіспеншіліктің нәрі Оны «Хабибім!» деп атаған Хақтан келеді.

Динар ұлдары руынан күйеуін, бауыры мен әкесін Ұхұд соғысында шәһид берген әйелдің Алла елшісіне махаббатының пәктігі қандай!

Сахабалар көңіл айтпаққа оған барған кезде оның сұраған алғашқы сұрағы:

- Алла елшісі аман ба? – деді.

Артынша:

- Маған Оны көрсетіңдерші! – деді.

Оған Алла елшісі (с.а.с.) көрсетілгеннен кейін барып:

- О, Раббым! Саған сансыз шүкір. Егер мен Оны сау көрмегенде, өмірде ештеңе мені жұбата алмас еді! – деді.

Тек ол емес, барлық сахаба Оған деген махаббаттарымен мәңгі өшпестей тағылым қалдырды. 

0 пікір