ОРАМАЛҒА ОПАСЫЗДЫҚ, ЖАУЛЫҚҚА ЖАУЛЫҚ
ОРАМАЛҒА ОПАСЫЗДЫҚ,  ЖАУЛЫҚҚА ЖАУЛЫҚ
16.01.2020 10:32
363
0

Ана тілімізде жаулық, орамал және кимешек болып келген аналар бас киімін күнімізде хижаб деген қосымша атаумен атай бастадық. Олардың өз орны мен ерекшеліктері де жоқ емес. Әже-аналарымыз кимешек-шылауыш кисе, жас келіндер сәукеле киіп келген текті жұрт һәм ұлт едік. Орамал депте атадық, бірақ орамалдың мағынасы өте ауқымды, түріде көп болады. Негізгі Алтай мен Атырау арасын мекендеген ата-бабаларымыздың ақжаулығы әртүрлі болғанымен кимешек киіп келгені мәлім-ақ.

Сол ақ жаулығы желбіреген ана, әжелерімізді көріп өсіп өнген біздер, төлінен жеріген кәрі саулықтай алжаса бастағалы көп болған жоқ. Оны жетпіс жылдық тоқырауға жаба салудан оңай жолда таппадық. Әйтпегенде ол бұғаудан арылып, тәубе, тәуелсіз ел болғалы бақандай 29 жыл өтті. Сонда туған ұл ержетіп қыз бой жетіп анаға айналды. Мекемелер көктен түскендей жаулықты жанды жанына жуытар емес. «Жаман атқа жал бітсе жанына торсық байлатпас, жаман адамға мал бітсе жанына жан жуытпас» деген мақал бүгінгі күнді дәлме-дәл суреттеуде. Үріккен аттай ақжаулықтан жаулық іздеу не масқара. Алаш арыстарының тіпті елбасының анасы бәрі-бәрі де жаулығын жамылып, кимешегін көлбетіп киген әзиз аналар еді.

Қайдан шықтық, қайда бет алып барамыз?! Аз күн билік тұғырына қонған сырмақ шетіндегілер ойына келгенді айтып, кесіп-пішуі сау ақылға томпақ, айтар ауызға шорқақ. Көктен түскендей дінімізді һәм ата дәстүрімізді өздерінше аяққа таптауы жақсылықтың нышаны емес. Осы өткен күнімізді ақылды әпке-қарындастарымыз ой жүгірте електен өткізіп, іс-жүзіне көшірсе екен деген үкілі үміт үлпілдейді де тұрады...

Е, сонымен ол бір төбе әңгіме. Оданда сорақысы бес намазын түгендеп жүрген қаншама әпеке-қарындастарымыз қарадай қаңғыруда. Олар ұзын киіне тұрып, ешбір негізсіз бастарына жаулығын тақпауда.

Ешбір негізсіз деп отырғаным ол пәтуаны айдан алғанға ұқсайды. Өйткені қайдан алғаны белгісіз. Ал басқа адамдар оларға ол пәтуаны әйгілі уағызгер (қазақ тілінде көп еңбегі аударылған, қазақша ол кісі жайлы «Сана сәулетшісі деген кітап бар)  М. Фетхуллаһ Гүлен берген деген үлкен жала жабады. Оның қаншалықты негізі бар екен деп сәл қарап көрсем ешқандай бір ұстап алар, ілікке жарар жағы жоқ екен. Құйдай өтірік жала.  Ол кісі 1995 жылы Түркияда Хуриет атты газетке берген сұхбатынан кесіп-пішіп осы жала жабыла бастаған екен. Оны еш негізсіз көптеген адам қостаған болып, ең сорақысы төл шәкірттері сол жаңсақ ақпаратты фәтуа етіп алып, жол алуы қандай өкінішті. Өйткені ол кісінің ондай бір пәтуасы аты-...імен жоқ.

Керісінше пікірлері, көзқарастары айданда анық. Орамал яғни жаулық немесе кимешек һәм хижаб жайлы бір нәрсе айтатын ақымыз жоқ. Құранда ашықта анық насстар келген ғой. Бұл тақырып бізім жорамалымыздың сыртындағы дүние. Өйткені бұл Аллаһтың әмір, бұйырығы.... деп атап өтіпті.

Міне бермеген әрі берілмеген фәтуамен амал етуі арқылы үлкен обал жасалуда. Мұны қалай айтпасқа, неге ескертпеске?!

Енді біздің сол кісінің шәкірттеріміз, заманауи сахабалармыз, әлемді өзгертушілеріміз, өзіміз емес өзгеге пайдалы болу ұранымыз деп жүрген әпеке-қарындастарымыз, жаңсақ ақпараттар арқылы негізсіз жала жауып жүргендерін ескерту керек деп ойладым. Тақуалыққа белшеден батып жүрміз деген қаншама қазақ азаматтары жалған уәжбен аманат алған аяулы жарларын жалаңбас етіп отыр. Әрі оны «Тедбир» деп қойыпты. «Құрттың атын малта қойыпты» деген теңеу бар қазақта. Міне бұл соның нақ өзі. Діннің іргелі негіздерінен емес депте айтады. Онда намазда солай.

Демек намазға да селқос қараймыз ба? Мен білетін осы жамағаттағы жігіттер парыз емес нәпілдерге аса мән беріп, зікір, шүкір мен пікірге аса мән береді. Заманауи не бар болса соны ең алдымен меңгеріп игеруге құлшына кіріседі. Кәсіпкерлер әр қалада баршылық. Енді не жетпейді. Соның жауабын таппаудамын?

Олардан асып кеткен орамалға опасыздық жасау барып тұрған адасу немесе ұстазға жала жабу. Кім пәтуа беріп онымен амал еткеннің күнәсі пәтуа берушіге жазылады деген хадис бар. Сонда ұстаз қате пәтуа беріп, біз амал ету арқылы сол кісі күнәні арқаласын деген сасық ой ма? Бағана атап өткен тедбир деп арақ-шарап қолданып, пара алып, беріп жүре берейік дегенге саяды бұл. Сондықтан діннің беделін айбарын, абыройын айрандай төгетін дүниелерден арылмаған соң басқасы көк тиын қажетсіз болып қалмақ.

Келесі бір топ ретінде Сулейман Хилми Тұнахан хазіреттің шәкірттері Нұр сүресінде келген үлгіге сай емес бір үлгі қалыптастырып алған, ол бетінен еш қайтпайды, ешкім айтпайды. Ол жайлы күніне сан мәрте Құран оқып жатсада еш ақыл жүгіртіп, осы мен неге осылай істеп жүрмін, Құран не деуде, мен не деудемін ойланбайды. Қалыптасқан бір із, ескі сарын, баяғы жартас, сол жартас көне соқпақ кәрі бел күн артына күн өтіп жатыр... Хилми Тұнахан хазірет орамалға Түркия елі қырғидай тиіп тұрған тұста солай жинақы тағуға шақырған ғой дегенді ойланар жан шықпады.

Мұсылман жұртшылығын арандату немесе бүлік шығару ниетіміз мүлде жоқ.

Аллаға жағу ең ұлы іс, тұлғаның төбе тұжырымы.

 Берікбай ГЕРМАНҰЛЫ

0 пікір