Оның бейнесіндей бейне жоқ
Оның бейнесіндей бейне жоқ
25.12.2015 11:07
2233
0

Осы бір ғаламдағы адамдардың ішінде ең ардақты атқа ие болған – ол Пайғамбар Мұхаммед (с.а.с.). Оның тұла бойы, бар бейнесі, ерекше суреттемесі біздердікіндей емес еді. Ол барлық шендес ғасырларда таңғайып тұлғасымен таңқалдырып келеді. Өйткені Ол Ұлы Алла Тағаланың өзінен тікелей Нұрдың иесі атанды. Сондықтан, Оның бейнесіндей бейне әсте болмайды. Оған мына төмендегі санамалап берген мысалдарымыздан айқын көрінбекші.

1. Алла елшісі(с.а.с.) адамдардың ішіндегі тұлғасымен де, бет-әлпетімен де ең әдемісі болатын, сондай-ақ оның бойы - тым биік те, тым аласа да емес, орташа болатын.

2. Алла елшісі (с.а.с.) - ақ жүзді, әдемі еді.

3. Аль-Бараъ бин ъАзибтың жеткізуімен «Алланың елшісі(с.а.с.) ол орта бойлы, кең иықты, сақалы қалың, жүзі албырт (қызғылт) болатын да, ал шаштары құлағының сырғалықтарына дейін жететін. Мен оны қызыл түсті киімде көрдім, сондай-ақ ол секілді әдемі адамды көрген емес едім».

4. «Оның беті ай мен күнге ұқсас дөңгелек болатын».

5. «Алла елшісі(с.а.с.) бір нәрсеге қуанғанда жүзі нұрлы ай секілді болып кететін, оның қуанғанын осылайша нұрланған жүзінен білетінбіз».

6. Абдулла бин Серджистің (р.а.) жеткізуімен : «Мен Алланың елшісін(с.а.с.) көрдім, оған келіп тұратынмын және оның жегенін жеп, ішкенін ішкенмін, сондай-ақ мен оның сол иығындағы пайғамбарлық мөрін көрдім, ол бір жерге жиылған қалдар секілді болатын».

7. Жәбірбин Самурдың(р.а.) жеткізуімен: «Мен ол мөрді Алла елшісінің(с.а.с.) екі жауырынның ортасынан көрдім. Ол көлемімен көгершіннің жұмыртқасы секілді қызғылт түсті бұлтқа ұқсайтын».

8. Әнәстің (р.а.) жеткізуімен: «Алланың елшісінен(с.а.с.) нұр төгіліп тұратын, оның денесінен шыққан тер - маржандай болатын, жүргенде ол кішкене алдыға еңкейіп, салмақты жүретін, сондай-ақ мен оның қолының жұмсақтығындай не жібекті, не паршаны ұстаған емеспін және оның денесінен шыққан иістей жұпар иісті де еш нәрседен сезінген емеспін».

9. Айшаның (р.а.) жеткізуімен: «Алланың елшісі(с.а.с.) аяқ киімін өзі жөндеп, киімін өзі тігетін және сендердің кез-келгенің қалай үй шаруасын істейтін болсаңдар, ол да солай үй шаруасын атқаратын. Сондай-ақ, Айша(р.а.) мына сөздерді айтты: «Алланың елшісі(р.а.) басқа адамдар секілді болатын, киімін де өзі тігетін, қойды да сауатын және өзіне де өзі қарайтын».

10. Умм Маъбадтан жеткен ұзын хадистің бөлігінде, Умм Маъбад (р.а.) Пайғамбарды(с.а.с.) былай суреттейді:

«Мен түсі нұрлы адам көрдім, оның түрінде әбігерлік пен ашынғандықтың белгісі болмады. Ол көрікті әрі сүйкімді болды. Оның кірпіктері сүрмемен боялғандай ұзын болды. Оның даусында құлаққа жақсы әсер беретін қырыл болды, мойны - ұзын, ақ сақалы - қалың, және қастары қосылған ұзын болды.

Ол үндемей тұрғанда, сенімді құрметпен тұратын, ал сөйлесе одан да тамаша болып кететін. Алыстан адамдардың ең әдемісі болып көрінетін, ал жақыннан - адамдардың ең жақсысы болатын. Ол әдемі сөйлейтін және сөздері тым қысқа да, тым ұзақ та болмай, анық болатын, ал сөздері жерге түскен маржандай болды. Бойы тым ұзын да, тым қысқа да болмады. Оның жол серігі екі адам болды, сонда ол үшеуінің ең әдемісі және ең құрметтісі болды. Оның серіктері оған құрмет көрсететін, егер ол сөйлесе мұқият тыңдайтын, егер ол оларға бір нәрсе әмір берсе, олар оны орындауға асығатын және ол ашулы да болмады және бос сөздерді де сөйлемеді».

Дайындаған: Ғ. ТАСҚҰЛ

0 пікір