Ол сияқты ешкім жақсы көрілген емес
Ол сияқты ешкім жақсы көрілген емес
23.12.2015 13:51
1843
0

Мекке мүшріктері Хұбәйібті өлтірмек болып дар ағашына байлаған еді. Әбу Сүфиян сұрады:

- Тірі қалу үшін өз орныңа Пайғамбарыңның болуын қалайсың ба?

Хұбәйіб бұл сұраққа ойланбастан үлкен батылдықпен Әбу Сүфиянға жаны ашып тұрып былай деді:

- Әрине, қаламаймын! Оның менің орнымда болуын қалау түгілі, Мәдинада мүбәрак аяғына тікен батуына көңілім разы емес!

Бұл жауапқа қайран Әбу Сүфиян:

- Мен дүниеде Мұхаммедтей жақсы көрілген екінші бір адам көрмедім! – деп таңданғанын жасыра алмаған еді.

Хазіреті Пайғамбарға деген мұншалықты сүйіспеншіліктің себебі сахабалардың Оны жақсы тануы еді. Оның рухани берекесі сахабаларға да дарып, Оны жандарынан артық жақсы көре бастаған еді...

0 пікір