Облыс мұсылмандарына ҮНДЕУ
Облыс мұсылмандарына ҮНДЕУ
10.12.2018 16:58
4883
0

Құрметті мұсылман қауымы,  ағайындар!

Үндеу жасаудағы басты мақсатымыз – қуаныш пен қазаның аражігін ажыратып, халықты ысырапшылдыққа жол бермеуге үндеу, жабдық (құдайы ас беру, қонақасы, қырқы, жылы)  мәзірін мейлінше қарапайымдылыққа негіздеу болмақ. Қалай десек те, өлім бізді ысырапшылдыққа тәрбиелемеуі тиіс.

«Тапқаның тойға шашылсын» дейтін қазақ қазір той мен өліктің аражігін ажырата алмайтын халге жетті. Біз өлген адамның жоғын жоқтағаннан гөрі, барын шашпағанына сын айтатын халге жеттік.

Шынында да  қазір қаралы үйге көңіл айтып келетіндер жұбатушы емес, қонақ сияқты. Әсіресе бұл көрініс біздің облыста да  бәсеке ретінде  дамып келеді. 

 Қаза тапқан адамды арулап аттандырудан бастап, жыл уағына дейін артын күту деген желеумен ұлан – асар той тойлайтындай даңғазалықпен қоса,  қоғамда  «Дәулет аяйтын жер бұл емес»,- деп көзсіз ақша шашатын келеңсіз көрініс белең алуда. Жақынынан айырылған адамдар қайғыра да алмай, «Ел күліп кетеді»,- деп, соятын жылқы, жаятын дастарқан мен шапан-тақияға қайдан ақша табарын білмей, зыр жүгіретін келеңсіз көрініс көз алдымызда өтіп жатыр. Оған қазаға ортақтаса келген ағайынға берілетін иіс (кілем, жағалы киім, т.б. тәбәрік) пен әкесін ақ жуып, арулаған  кісілерге берілетін кәдесі, артынша марқұмның мазарын тұрғызу – бәріне т.б...қаржы жұмсалады. Осылайша ысырапшылдық, астамшылық сияқты бейсауап әдет ел ішінде етек алып келеді.

  Ақша шашудың артында атақ тұр, абырой жатыр. Ал, сонда шамасы жоқтар өрттей қаулайтын өсекке қалуы керек пе?

 Жұрттың әңгімесі жұпыны дастарқан, жұтым ас жайлы болады. Табақ-табақ  ет таратпады деп пыш-пыштайды. Міне,  қазақ қоғамы  осыдан қорқатындай. Біздің бойымызды «жұрттан кем түспейін немесе артық көрінейін» деген бәселекестік пиғыл басады да тұрады. Халық ішінде қалыптасқан фальш осы, фобия да осы. Бұл пиғылды бойымыздан да, ойымыздан да алып тастау керек.

Қазіргі өмірімізде өмірден өткен адамның  қырқы, жылынан  бұрын арнайы «Қонақасы» деген атпен аста-төк дастархан әзірлеп, оған аса көп адамдар шақырылатын дәстүр қалыптаса бастады.

Дәстүрлі қазақ қоғамында үйге алыстан келген, тосын келген немесе арнайы шақырылған қонақтың қадір-құрметіне, жас мөлшері мен туыстық қатынасына қарай сойылған малдың мүшелерінен сыбағалы табақ тартуды ғана «Қонақасы» деп атайды. Бүгінгідей ауыл-аймақ, көрші-қолаң, тамыр-таныс, дос-жаран жиылып ертең болатын  марқұмның қырқы, жылының алдында аста-төк дастархан басында кекіре тойып тамақтану әдеті «Қонақасы» бола алмайды.  Бұл орынсыз ысырап. Бұл шариғатта да дәстүрімізде де бұрын-соңды болмаған теріс әдет.

Жалпы еліміздің барлық  өңірлеріндегі өлім жөнелту, оның артын күту ғұрыптары негізінен ұқсас деуге болады, мұндай ысырапшылдық елдің барлық аймақтарында бар.

Алла Тағала Құран Кәрімде ысырап етуге қатаң тыйым салған. Сондай-ақ, Алла Елшісі (с.ғ.с.) де бұл теріс қылықтан аулақ болуға шақырған.

Қасиетті Құранның «Ағраф» сүресінің  31-аятында: «Ішіңдер, жеңдер, бірақ ысырап қылмаңдар. Шындығында, Алла Тағала ысырап қылушыларды сүймейді», –десе «Исра» сүресінің 27-аятында: «Шынында ысырапқорлар Шайтанның туысы. Ал шайтан, Раббысына өте қарсы»,-деп ысырапшылдыққа байланысты терең түсінік берген. Ал Пайғамбар(с.ғ.с)-ымыз өз хадисінде: «Орны табылмай берілген садақа - ысырап» деген.

Дүние, байлықты, күш-қуатты, уақытты ысырапсыз орнымен жұмсауды Алла Тағала бізге міндет еткен. Алланың кітабында, Алла Елшісінің (с.ғ.с) сүннетінде, ұлтымыздың бұрын-соңғы дәстүр-салтында болмаған келеңсіз жағдайға ұрынбау,  Алланың берген дәулетіне мастанып ысырапқа бармау байлық пен қанағаттың және берекенің бастауы болмақ.

Ырысымыз арта берсін, барға қанағат, жоққа сабыр қылайық ағайын!

 

Павлодар облысының  барлық мешіт имамдары, 

ақсақалдары мен  жамағаты 

2018 жылдың  Желтоқсан айы    

        

ОБРАЩЕНИЕ к мусульманам области     

Уважаемые представители мусульманского сообщества!

 

Главная цель нашего обращения –разграничить понятия скорби и радости, разумных трат и пустого расточительства. Итогом этого должно стать стремление к скромности в соблюдении похоронных ритуалов (проведение поминального аса, 40 дней, годовщины). Эти скорбные мероприятия не должны стать поводом для демонстрации своего достатка.

«Пусть все нажитое пригодится тебе в радости» – к сожалению, эта казахская мудрость оказалась забытой в наши дни, когда люди перестали делать разницу между тоем и похоронами. Сегодня мы должны предостерегать мусульман не только отнеподобающего гореизъявления, но и от разорительных трат.

Действительно, сегодня с соболезнованиями приходят не для успокоения скорбящего, а словно гости. Люди стараются выделиться, показать свои финансовые возможности, доходит до постыдного соперничества.Появляется тенденция, когда каждый стремится превзойти другого, и проведение похорон становится очередным поводом к этому. 

К сожалению, сейчас в обществе все чаще встречается такое нежелательное явление, когда, начиная с проводов покойного и заканчивая годовщиной смерти, все мероприятия сопровождаются неуместной помпезностью и неоправданной тратой средств.Все больше укореняется ошибочное понятие, что чем больше тратится средств, тем благопристойнее проходит ритуал. Родных покойного больше заботит не тяжесть утраты, а как бы «не ударить в грязь лицом перед народом», «сделать не хуже других».  И люди начинают искать деньги для того чтобы накрыть богатый дастархан. Дополнительные средства, и немалые, уходят, чтобы обрядить человека в последний путь и отблагодарить должным образом тех, кто совершает обряд омовения, а также на возведение мазара. Такие неуместные траты нередки в наши дни.

  Тратить огромные средства могут лишь очень обеспеченные люди. А как быть малоимущим? Должны ли они теперь мучиться от страха быть осужденными, осмеянными общественным мнением?

В практике людской подвергать критике бедно накрытый стол на поминках. Стол не ломился от еды, мясо не лежало горой на многочисленных блюдах – именно это вызывает бурю возмущения в обществе. Таких упреков больше всего страшатся родственники умершего.От этих негативных явлений, от этого неправедного образа мыслей необходимо избавляться.

Теперь не только 40 дней и годовщину отмечают с огромными тратами, все больший размах приобретает застолье так называемого «Қонақасы», проводимого до годовщины.

В традициях казахского народа «Қонақасы» давали, когда кто-то из близких приезжал издалека или для особого гостя, специально приглашенного на празднество. В этом случае забивали скот и каждый гость получал свою долю.

Сегодня в народе закрепилась неверное понятие этого обычая. Родные покойного вечером, непосредственно за день до поминального аса по случаю годовщины, накрывают ломящиеся от блюд столы, приглашают большое число родных и близких и называют это «Қонақасы». Это совершенно искаженное понимание старинного обычая, ни по шариату, ни среди народных традиций такого явления нет.

Причем это печальное явление наблюдается во всех регионах страны.

В Священной книге всех мусульман Коране есть строгий запрет на бездумное расточительство. Посланник Аллаха (да благословит его Аллах и приветствует) также предостерегал от этого.

В 31 аяте суры «Аль-Аграф» сказано: «Пейте, ешьте, но не допускайте излишеств. Воистину, Всевышний не дарует своей милости расточителям». В 27 аяте суры «Исра»: «Мотовство – порождение шайтана, противоречие всем наветам Создателя». И в священных хадисах Пророка Мухаммеда (мир ему и благословение Аллаха) – «Милостыня, поданная впустую, – неправедное расточительство».

В исламе призвано с умом расходовать имущество, свои внутренние силы и время. Не совершайте то, что противоречит сурам Священного Корана, суннам Пророка (мир ему и благословение Аллаха), обычаям и традициям казахского народа! Быть рачительным хозяином всему, нажитому милостью Создателя, – вот путь к благополучию и достатку.

Довольствуйтесь тем, что имеете, и смиренно принимайте любые тяготы!Пусть страна наша процветает!

 

Имамы всех мечетей Павлодарской области,

старейшины и жители города

декабрь 2018 года

 

 

0 пікір