Нар болайық, бар болайық жігіттер!
Нар болайық, бар болайық жігіттер!
10.06.2019 01:44
160
0

Қазірде: «Еркек - еркек болса, əйел - əйел болар еді»,-деп айтатындар көп.  Көрдіңіздер ме, бұл жерде сөзді түсінгенге, əйел - əйел болса деп тұрған жоқ, еркек - еркек болса деп тұр.

Неге?

Себебі, əйел өз тұғырынан түскен жоқ, еркек - еркек қалпынан кетіп барады. Еркек - еркек бола алмаса, əйелі еркегінің басына шықпағанда қайтеді, ерінен бұрын сөйлемегенде қайтеді?

Еркек болу деген - Алланың оған əпшу беріп жаратқанында ғана емес, еркектік болмысында. Əңгіме оның білімі мен парасаты жайлы да емес (ол бөлек əңгіме), еркектік қасиетінде. Осыны айыра алмайтындар жетерлік бұл өмірде. Сол қасиеттен арылып бара жатқандаймыз.

 Еркектің өзіндік пікірі, өзіндік ұстанымы болмаса, ол езге айнала береді. Ез дегенді түсіндіріп жатпай-ақ қояйын.

Ал енді, еркектік қасиет, еркектік болмыс деген не? Ол - мен еркекпін деп төс қағу емес,

 ол - рухыңның өр болуы,

 ол - арзан сөйлеп, ұсақталуың емес, ол - ойыңның асқақ болуы,

ол - біреудің алдында итіңдеу емес, ол - намысыңды түсірмеу,

 ол - жарыңа ақыру емес, ол - жарыңа өмірлік серік болу,

ол - өтірік күлу емес, ол - шын жылау,

 ол - сорлы болу емес, ол - арлы болу!

"Еркек - еркек болса..",- деген ұғым жойылса екен деймін. 
Нар болайық, бар болайық жігіттер!

 

Бақытбек Егінбайұлы

 

0 пікір