Мұсылманның мұсылманға деген қарым-қатынасы!
Мұсылманның  мұсылманға деген қарым-қатынасы!
08.11.2019 17:57
2849
0

Алла Елшісі (с.ғ.с.):

 «Бауырыңмен дауласпа, оны келемеждеме, орындай алмасаң оған уәде берме», - деп ескертеді.

Расында, пайғамбарымыз даналығында біреудің біреуді ғайбаттауы - өз өлген бауырының етін жеумен тең екені айтылған. Бұл ойланған әрі Алладан қорыққан құл үшін ғибратты сөз.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мұсылман мұсылманға деген қарым-қатынасы жөнінде былайша шегелеп ескертеді:

«Бір-бірлеріңді күндемеңдер,

 бір-бірлеріңе қымбат сатпаңдар,

 бір-бірлеріңді жек көрмеңдер,

 бір-бірлеріңнен теріс айналмаңдар,

бір-бірлеріңнің саудаларыңды бұзбаңдар,

 (бір-біріңе) бауыр болыңдар,

Оо, Алланың құлдары! Мұсылман – мұсылманның бауыры.

 Оған зұлымдық қылмайды,

 оны көмексіз қалдырмайды,

 оны төмендетпейді.

Тақуалық – мұнда (Алла Елшісі (с.ғ.с.) үш рет кеудесін нұсқайды).

 Бір кісіге жеткілікті жамандық – оның мұсылман бауырын төмендетуі. Мұсылманға мұсылманның қаны, малы және намысы – харам» (Муслим).

0 пікір