Мисуактың маңызы
Мисуактың маңызы
12.05.2015 11:00
15682
0

        Мисуак –  тіс күтіміне арналған табиғи, әрі пайдалы құрал. Оны қолдану сүннет болып табылады. Мисуактың қазіргі тіс тазалағыш құралдардан әлдеқайда артық екені ғылыми түрде дәлелденген.  

       Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мисуак – ауыздың тазалығы мен Алланың разылығы» деген.      

Мисуактың адам ағзасына да тигізер пайдасы жетерлік: 

  1. Ол тістегі сары дақтарды кетіріп, ағартады;
  2. Қызыл иекті қатайтып, тісжегіні болдырмайды;
  3. Тістің ауыруын кетіреді;
  4. Қабыну мен бактерияларға қарсы қасиеттерге ие;
  5. Ауыз қуысындағы жағымсыз иістерді жойып, балғын тыныс береді;
  6. Бас ауруын жойып, көру қабілетін арттырады (ауыз қуысында құлақ, көз, мұрын, тілмен тікелей байланысты жасушалар бар);
  7. Асқорыту жүйесінің жұмысын жақсартады;
  8. Дауысыңызды анық әрі жағымды етеді;
  9. Мисуакты күнделікті қолданатын адамның жүзі нұрланып, ажарлана  түседі.  

 

 

0 пікір