Күн көзінен қорғанудың жолдары
Күн көзінен қорғанудың жолдары
04.07.2015 17:52
6649
0

       Шіліңгір шілдеде күн көзінде көп жүру ағзамызға едәуір зиянын тигізуі мүмкін (күнге күю, қан қысымының жоғарылауы т.б.). Сондықтан денсаулығыңызды сақтап, күннен дұрыс қорғанудың жолдарын біле жүріңіз:

  1. 1.    Басыңызға бас киім киіңіз. Күн көзінде көп жүрмеуге тырысыңыз, ал шыға қалған жағдайда басыңызға міндетті түрде панама, шляпа сияқты бас киімдер киіп алыңыз.
  2. 2.    Ашық түсті киім киіңіз. Ақ, ашық түсті киімдер күн көзін қайтарып, өзіне тартпайды. Сондықтан ыстықтап, күюден қорғайды.
  3. 3.   Ағзаңызға физикалық салмақты көп салмаңыз. Тек таңертеңгі физикалық жаттығулар, әрине жақсы, бірақ асыра сілтеп жібермеңіз. Жоғарғы температура жүрек пен қан тамырлардың белсенді жұмыс істеуіне мәжбүрлейді. Ал шектен тыс қимыл қозғалыс денсаулығыңызға кері әсерін тигізеді.
  4. 4.   Түскі ұйқыны ұмытпаңыз. 30 минуттық түскі ұйқы өте пайдалы. Ол ағзаңызға күш беріп, күні бойы сергек жүруіңізге көмектеседі.
  5. 5.   Дұрыс тамақтаныңыз. Денсаулықты сақтауда Оразаның алар орны ерекше. Оның пайдасы шаш-етектен. Алайда денсаулығы жарамай ораза ұстай алмайтын жандар да бар. Олар ыстықта майлы, қуырылған, ащы, тәтті тағамдардан мүлде бас тартқаны жөн.
  6. 6.   Суды көп ішіңіз. Ыстық күнде шай, кофені азайтып, орнына қайнаған суды тұтынған пайдалырақ. Сондай-ақ, газды, түрлі консерванттар қосылған  сусындар, сыра шөлді басады деу – қате. Олардың пайдасынан зияны көбірек. Шөліңізді тек таза, қайнаған су ғана жақсы басады.
  7. 7.  Кондиционерден алыс болыңыз. Сырттағы ыстықтан терлеп келіп салқын кондиционердің түбіне отыра қалудан суық тигізіп алуыңыз мүмкін. Сондықтан кондиционерден алысырақ отыруға тырысыңыз.

 

 Ұқсас материалдар


 
0 пікір