Күлімсіреу – сауап
Күлімсіреу – сауап
20.08.2019 10:31
3705
0

       Айналаңызға бір сәт зер салып көріңізші. Асығыс адамдар, түйілген қабақтар... Бүгінде біз өзгелер тұрмақ, жақындардың, бауырлардың, ерлі- зайыптылардың, жалпы мұсылмандардың бір-біріне күлімсіреп қарауы -  сүннет екенін ұмытқандаймыз.

       Алла елшісі (с.ғ.с.): «Бауырыңның жүзіне күліп қарау – садақа» - деген (әт- Тирмизи). Ал күйеуі мен әйелі бір-біріне күліп қараса, періштелер оларға салауат айтады.

       Міне, көрдіңіз бе, қанша ашуланып тұрсақ та ашуымызды жеңіп, жай ғана күлімсіреудің өзінде қаншама сауап бар.

      Күлімсіреп жүрудің денсаулығымызға пайдалы екенін дәрігерлер де растауда. Үнемі қабақ түйіп, уайымға салынып немесе ашуланып жүргеннен бет терісі жиырылып, әжімдер ерте пайда болады. Ішкі ағзаларымызға да кері әсер етеді.

     Күлімсіреу – көркем мінезділіктің белгісі. Бұл туралы хадисте: «Қияметте амалдар өлшенгенде, таразыны ауыр басатын бірден бір амал -  Алладан қорқу мен көркем мінез» - делінген (Тирмизи, Бирр, 62).

       Сондықтан, әрдайым күліп жүріңіз. Жылы жүзіңізбен айналаңыздағыларға шуақ шашып, жарқыраған күндей болыңыз. Сөйтіп мол сауапқа кенеле беріңіз!

 

 

0 пікір