Л.Толстой осыдан 114 жыл бұрын Шәкәрім Құдайбердіұлына жазған хатында былай деген екен:
Меніңше, ар-ұжданға ең ауыр тиетін бір іс бар. Ол – адам егер көпшілікке не жалпы қоғамға зиян келтіретін істі нақтылы біліп, бірақ үш нәрседен қорғанып, сол ақиқатты айтпай қалса, бұл әрекеті ар-ұжданға өте ауыр тиеді.
Бірінші - сен өте БАЙ болып, сол ақиқатты айтсаң, малыңа, байлығыңа зиян тиетін болса,
Екінші - сен МАНСАП иесі болып, сол ақиқатты айтсаң, мансабыңнан айырылатын болсаң,
Үшінші - сол ақиқатты айтсаң, БАСЫҢ жазаға тартылатын болса.
Міне, осы үш зардаптан қорғанып, КӨПКЕ ЗИЯН КЕЛЕТІН АҚИҚАТТЫ біле тұра айтпай қалған адам, ар-ұжданы алдында ең ауыр зардап тартады.