КӨПКЕ ЗИЯН КЕЛЕТІН АҚИҚАТТЫ АЙТПАУ
КӨПКЕ ЗИЯН КЕЛЕТІН АҚИҚАТТЫ АЙТПАУ
05.07.2019 14:13
584
0

Л.Толстой осыдан 114 жыл бұрын Шәкәрім Құдайбердіұлына  жазған хатында былай деген екен:

Меніңше, ар-ұжданға ең ауыр тиетін бір іс бар. Ол – адам егер көпшілікке не жалпы қоғамға зиян келтіретін істі нақтылы біліп, бірақ  үш нәрседен қорғанып, сол ақиқатты айтпай қалса, бұл әрекеті  ар-ұжданға өте ауыр тиеді.

 Бірінші  - сен өте БАЙ болып, сол ақиқатты айтсаң, малыңа, байлығыңа зиян тиетін болса,

Екінші  - сен МАНСАП иесі болып, сол  ақиқатты айтсаң, мансабыңнан айырылатын болсаң,

Үшінші  - сол ақиқатты айтсаң, БАСЫҢ жазаға тартылатын болса.

Міне, осы үш зардаптан қорғанып, КӨПКЕ ЗИЯН КЕЛЕТІН АҚИҚАТТЫ біле тұра айтпай қалған адам,  ар-ұжданы алдында   ең ауыр зардап тартады.

 

0 пікір