КОНФУЦИАН КИІМІ немесе "АТРИБУТИКАЛЫҚ" АДАСУ
КОНФУЦИАН КИІМІ немесе "АТРИБУТИКАЛЫҚ" АДАСУ
12.12.2018 10:39
750
0

 Цин (Шың) империясының императоры қол астындағы барлық басшыларын, уәзірлерін, оқымыстыларын жинап алып: - Осы бізде конфуциан дінін ұстанғандар көп пе? - деп, сұрапты...
- Құдайға шүкір, ондайлар бізде өте көп, оларды сыртқы атрибутынан, киінген киімінен, сақалынан тануға болады, - деп, жауап беріпті жиналғандар. Император біраз ойланып: - Олардан қалай құтыламыз? -деп, тосын сұрақ қояды. Сонда бас уәзірі: - Ертеңнен бастап, осындай киінген адамдар қатты жазаланады деген заң шығарыңыз, киімдерін шешіп, сақалын алып, бірден тоқтайды, - деп, кеңес береді.
Император заң шығарғаннан кейін бір жұмадан кейін, сондай атрибуты бар адамдар бірден жоғалып кетіпті. Тек қана бас уәзір солай киініп жүргенін көрген император оны шақырып ап: - Сен неге бұлай киініп жүрсің? - деп, сұрайды. Сонда бас уәзір: - Олар неге олай киініп жүргенін білмейді және ол сұраққа жауап бере алмайды. Ал, мен болсам, оны білемін және қойған сұраққа жауап бере аламын, деген екен...
°°° Көбі будда дінін ұстанған көрінеді сол кезде.

P.S.
Адамның наным сенімін сыртқы формасына қарап баға беріп жүргенімізге байланысы бар ма әлде жоқ па, оны өздеріңіз сараптап аларсыздар, әзиз Достарым! 

 Бұл әлемдегі барлық діндерге қатысты болуы әбден мүмкін...

 

Советқазы Нұрсила

 

 

0 пікір