Кіршіксіз таза жүрек
Кіршіксіз таза жүрек
14.12.2015 16:27
3371
0

Пайғамбарымыз (с.а.с.) кейде қасындағы сахабаларына сұрақтар қойғанды жақсы көретін. Осылайша ол жамағатының назарын өзіне аудартып, айтатын сөзіне құлақ салдыратын.

Сондай бір сұхбаттасып отырған кездерінің бірінде Алла елшісі (с.а.с.) сахабадан: 

- Әбу Дәмдәм деген кім? – деп сұарады. 

Сахабалары: 

- Әбу Дәмдәм деген ат естіген жоқпыз. Я, Алла елшісі! Бұл айтып отырған Әбу Дәмдәм дегеніңіз кім болды екен? – десті. 

Әлем мақтанышы Пайғамбарымыз (с.а.с.) оларға: 

- Әбу Дәмдәмдай бола алмағандарың ба? Әбу Дәмдәмдай болуға күштерің жетпегені ме? – деп, тағы да жұмбақтап сөйледі. 

Сахабалардың ол жайында естуге деген қызығушылықтары одан ары арта түсті: 

- Я, Алла елшісі! Әбу Дәмдәмнің кім екенін, оның қандай ерекше сипаттарға ие болғанын айтып беріңізші! – деп өтінді. 

Пайғамбарымыз (с.а.с.) сонда: 

- Әбу Дәмдәм – өткен қауымдарда өмір сүрген бір мүмин жан еді. Күнде таң ата орнынан тұрып: «Я, Раббым! Мені ғайбат еткендерді, маған қарсы болғандарды, менің сыртымнан сөз айтып, жамандағандарды Өзің кешіре гөр! – деп айтатын, - деп, ол туралы айтып берді. 

Мінеки, үлкен тақуалықтың үлгісі. 

Мінеки, кіршіксіз таза жүрек!

 
0 пікір