КИІНУ ҮЛГІСІ
КИІНУ ҮЛГІСІ
24.06.2022 10:17
179
0

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: اَلْخَيْرُ كَثِيرٌ وَمَنْ يَعْمَلُ بِهِ قَلِيلٌ. (هب)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Қайыр көп, бірақ қайыр жасаушы аз”. (Бәйһақи, Шуғаб ул-иман)

Пайғамбарымыз (с.a.у.) “Алла Тағала құлдарына берген нығметтерінің нәтижесін құлдарының үстінде көргенді ұнатады” деген.

Киген киіміміз тәкаппарлық пен мақтанға себеп болатындай сәнді, қымбат болмауға тиіс және төменшіктеп, қорланатындай жаман да болмауы керек. Aлла Tағаланың нығметтерін көрсету үшін киіну - киім киюдің мүстахабы. Расында, Aғраф сүресінің 31 аятында былай дейді(мағынасы):

Уа, Адамның үрім-бұтағы! Қай кезде де намаз оқитын (немесе Қағбаны тауап ететін) болсаңдар таза һәм әдемі киімдеріңді киіңдер. (Алланың өздеріңе берген нығметінен) ішіп-жеңдер бірақ, ысырап қылмаңдар. Өйткені Алла ысырапқорларды ұнатпайды”.

Киім киюдің де мүбаһы бар, мәселен, жұмада, мерекеде, жиында тәуір киім киген дұрыс. Бірақ оның мақтанға себеп болмауы шарт. Пайғамбарымыз (с.a.у.) өзінің құтты үйінен сыртқа шыққанда мың дирхем тұратын шапанын киетін. Ал намазды бағасы төрт мың дирхем шапанмен оқитын.

Мақтан үшін киінуде болса, кәрахат бар. Расында, Пайғамбарымыз (с.a.у.) Mиқдад ибн Мадикәрибке (р.a.) “Менменсімей жеп-іш, киін” деген.  

 

Жағармай үнемдеу

 

Жағармай үнемдеу үшін көлік қолданғанда мынадай жайларға мән беру қажет: 

Жолға шықпас бұрын қолайлы бағытты анықтап алған жөн. Көлік жылдамдығын тиімді уақытта ауыстырып, тым қатты баспай жүру керек. Жылдамды шектен тыс көбейтуге болмайды. 

Көлік дөңгелектерінің қысымы орнында болу қажет. 

Тоқтап күткен кезде моторды өшірген дұрыс. 

Көлік күтімін уақтылы жасау керек.

 

0 пікір